» » «ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ

«ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ


«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында балалардың құқықтарын қорғау, өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар мен отбасыларды қолдау және оларға кешенді көмек көрсету бағытында оқыту семинары өткізілді.

Семинарды «Өмірдің қиын жағдайына тап болған отбасыларға қолдау көрсету» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мая Наримова жүргізді.

Іс-шараға балаларға қатысты зорлық-зомбылық жағдайларына ден қою, суицидтік мінез-құлық пен құқық бұзушылыққа бейім балаларды сүйемелдеу жұмыстарын жүзеге асыратын мамандар, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдері, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды ерте анықтау және қолдау бағытындағы мобильдік топ мүшелері, менторлар мен тәлімгерлер қатысты.

Оқыту барысында кейс-менеджментті ұйымдастыру, балалар мен отбасылардың қажеттіліктерін ерте анықтау, тиімді сүйемелдеу тетіктері және ведомствоаралық өзара іс-қимылды үйлестіру мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар қатысушыларға нақты жағдайлар негізінде практикалық тапсырмалар ұсынылып, қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар мен отбасыларға қолдау көрсетудің тиімді тәсілдері талқыланды.

Семинардың негізгі мақсаты – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, практикалық дағдыларын жетілдіру және бала мен отбасыға көрсетілетін әлеуметтік-психологиялық қолдаудың сапасын арттыру.

Баланың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету – ортақ жауапкершілік. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

17 қыркүйек 2026 ж. 58 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 864
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 121

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930