» » Ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Мемлекет басшысы отбасылық тұрмыстық зорлықзомбылық қатынастарда әйелдер мен балалардың (өзге де отбасы мүшелерінің) құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлуде.
Ардагерлер мен ақсақалдардың бірлік пен келісімді нығайтуға, мәдениадамгершілік құндылықтарды сақтауға қосқан елеулі үлесі орасан зор. Олардың өмірлік тәжірибесі, салт-дәстүр, әдетғұрып туралы білімдері барлық ұрпақ санасында ерекше орын алады.
Отбасын нығайту, ана мен баланы қорғау – мемлекеттің басымдық беретін бағыттарының бірі. Бұл ретте қоғамда әйелдердің орындаушылығы, ұқыптылығы жоғары бағаланады.
Әйелдер кеңесінің жұмысы отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ана мен бала құқығын және денсаулығын қорғау бағытындағы маңызды істерді ілгерілетуге зор үлесін қосары анық.
Осыған орай аудан прокуратурасы Ардагерлер және Әйелдер кеңесімен меморандум жасады.
Меморандумның негізгі мақсаты – отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын күшейту, әйелдер мен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қауіпсіздігін қорғау шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған ықпалдасу және кеңесу түріндегі іс-қимылдарды жүзеге асыру. Осыған орай аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен іс-шара өткізілді. Оның барысында аудан прокуроры М.Маханбетжанов, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Мереков және Әйелдер кеңесінің төрайымы Г.Раева арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға үшжақты қол қойылды.
Қармақшы ауданының прокуратурасы
08 сәуір 2024 ж. 287 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№98 (10466)

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 119
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 770

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031