» » САРЫ КҮЗДІҢ СҮБЕЛІ СЫЙЫ

САРЫ КҮЗДІҢ СҮБЕЛІ СЫЙЫ

Ауданда күзгі еңбек науқаны қыза түсті. Егістік алқаптарында комбайндар тынымсыз жүріп, шаруалар бірнеше ай бойы күтіпбаптаған өнімін жинауға кірісті. Диқандар үшін бұл – маңдай тердің нәтижесі.
Бүгінде серіктестік еңбеккерлері көктемнен бері күтіп-баптаған егінін жинауға кірісті. «Ораз ахун ЛТД» серіктестігінде биыл егіс көлемін әртараптандыруға мән беріліп, күрішпен қатар суды аз қажет ететін дақылдар да егілген. Атап айтқанда, 679 гектарға ескі жоңышқа, 214 гектарға бүркеме жоңышқа, 114 гектарға мақсары, 100 гектарға суданка шөбі, 49 гектарға жүгері егілген. Сонымен қатар күріш алқабының көлемі 868 гектарды құрайды. Қазіргі таңда шаруашылықта 75 адам еңбек етеді. Егіс жұмыстары екі бригада арқылы ұйымдастырылып, әр бағыттағы жұмыс өзара үйлестіріле жүргізілуде. Шаруашылықтағы техникалар паркі де орақ науқанына сақадай сай. Мұнда «МТЗ-80» маркалы 5 трактор, «Т-700» 5 трактор, «ХТЗ» 4 трактор, «ЗИЛ» 2 көлік, «Газ-53» (бензовоз) 1 көлік, 3 комбайн, 2 жатка және «Гидромех», «Зумлион» тракторлары бар. Техниканың жеткілікті болуы егіс алқабындағы жұмыстардың үздіксіз жүруіне мүмкіндік беріп отыр.
Қазір шаруашылықта жалпы 400 гектар алқап орып-жиналуда. Өнімді уақытылы жинау үшін механизаторлар күн-түн демей еңбек етсе, олардың бірі – Жомартбек Арапбаев. Ол 2019 жылдан бері «Джон Дир» комбайнын басқарып, егін орағына тұрақты қатысып жүр.
Механизатор үшін орақ науқанының әр күні жауапты. Себебі піскен өнімді ысырапсыз жинау техниканың мүмкіндігімен қатар, оны басқаратын маманның шеберлігіне де байланысты.
– Көктемгі уақытта осы егінді егеміз. Жаздай күтіп-баптап, күзде техникамен төкпей-шашпай жинаймыз. Бұйырған астықты қамбаға түсіреміз. Жұмыс болған соң қиындық та болады. Таңғы 6-дан түнгі 1-2-ге дейін жұмыс істейміз. «Джон Дир» деген комбайн егінді жақсы жинайды, – дейді білікті маман.
Дала жұмысындағы қарбаласта өз ісінің қыр-сырын меңгерген озат еңбеккерлер – бригадир Ерлік Жалғасбаев пен сушы Сағындық Мейліқұлов та өз үлестерін қосып келеді. Бригадир егіс басындағы жұмыстардың үйлесімді жүруін ұйымдастырса, сушы алқапты қажетті мөлшерде сумен қамтамасыз етуге жауап береді. Бірнеше айға созылған егіс жұмысының әр кезеңінен өткен еңбеккерлер үшін қазір орақ науқанының жауапты сәті келді. Егісті уақытында жинап, өнімді ысырапсыз қамбаға жеткізу – бүгінгі басты міндет. Бұл туралы 2-бригаданың бригадирі өз ойымен бөлісті.
– Биыл көктемнен бастап егістік алқаптарында жұмысты жоспарлы түрде жүргіздік. Егінді уақытында егіп, жаз бойы күтіп-баптап, суару жұмыстарын үзбей атқардық. Қазір ең жауапты кезең – егін ору науқаны жүріп жатыр. Піскен алқаптарды кезекпен орып, өнімді шашпайтөкпей жинауға басымдық беріп отырмыз. Бұл кезде техниканың уақытылы жұмысқа шығуы мен механизаторлардың тәжірибесі үлкен рөл атқарады. Әр күнді тиімді пайдаланып, өнімді ысырапсыз жинап алуға тырысып жатырмыз. Еңбегіміздің нәтижесін қамбаға құйылған астықтан көргіміз келеді. Сондықтан орақ науқанын ұйымшылдықпен өткізіп, жоспарланған жұмысты уақытында аяқтауға күш салып жатырмыз, – дейді сала маманы.
Айта кетейік, биыл аудан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары 25 231 гектарға орналастырылған. Оның 11 449 гектарын күріш алқабы құрайды. Шаруашылықтар су ресурсын тиімді пайдалану үшін егіс құрылымын әртараптандыруға басымдық беріп отыр. Қазір ауданда 21 шаруашылық күріш, бақша дақылдары мен жоңышқа өсірумен айналысады. Егіс алқаптарындағы жұмыс әлі де жалғасуда. Комбайндар егістікті кезекпен орып, жиналған өнім шаруашылыққа жеткізілуде. Диқандар үшін қазір әр күннің өз есебі бар. Өйткені бірнеше ай бойы атқарылған еңбектің нәтижесі өнімнің уақытылы әрі ысырапсыз жиналуымен өлшенеді. Сары күздің әр күнін тиімді пайдаланған шаруалар егіннің несібесін қамбаға құюды жалғастыруда. Даладағы дүбір – ауыл еңбеккерлерінің маңдай тері мен ел ырысын еселеуге бағытталған тынымсыз тірлігінің көрінісі.
Бауыржан ЖҮНІС
28 қыркүйек 2026 ж. 45 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 925
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 171

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930