» » Таза Қазақстан – таза болашақтың бастауы

Таза Қазақстан – таза болашақтың бастауы

Табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны таза ұстау – баршаға ортақ міндет. Бүгінде елімізде жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы осы бағыттағы қоғамдық жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың біріне айналып отыр.
Мемлекет басшысы атап өткендей, туған жерге деген сүйіспеншілік ең алдымен өз үйіңнен, өз ауылың мен қалаңнан басталады. Сондықтан аумақтарды абаттандыру, көшелерді тазалау, ағаш отырғызу сияқты қарапайым әрі пайдалы істердің қоғам үшін маңызы зор.
Ағаш егу – табиғатқа жасалған қамқорлықтың нақты көрінісі. Бір талдың өзі ертең көлеңке беріп, ауаны тазартуға үлес қосады. Ал бүгін көптеген адамның бірігіп тал егуі елді мекендердің жасыл желекке бөленуіне мүмкіндік береді.
«Бір тал кессең, он тал ек» деген халқымыздың даналығы да табиғатты аялаудың ұлттық құндылық екенін көрсетеді. Экологиялық мәдениет тек сенбілік немесе белгілі бір акция кезінде ғана емес, күнделікті өмірде көрініс табуы қажет.
«Таза Қазақстан» – тазалыққа шақыратын ұран ғана емес, қоғамның қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертуге бағытталған ортақ іс. Әр азамат өз ауласын, көшесін, ауылын немесе қаласын таза ұстауға үлес қосса, бұл елдің экологиялық мәдениетінің қалыптасуына әсер етеді.
Бүгінгі жасалған игі іс – ертеңгі ұрпаққа қалатын мұра. Сондықтан табиғатты қорғау, ағаш отырғызу және туған жерді абаттандыру арқылы біз таза да жайлы болашақтың негізін қалыптастырамыз.
21 қыркүйек 2026 ж. 93 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 033
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 258

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031