» » Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды іс-шара өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды іс-шара өтті

2026 жылғы 24 сәуірде Қызылорда облысының Жалағаш ауданында қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жасыл ортаға деген жауапкершілікті арттыру мақсатында «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында «Таза өлке – Жалағаш» тақырыбында ауқымды экологиялық акция өтті.
Аталған шараның басты мақсаты – қоғам арасында экологиялық жауапкершілікті нығайту, тазалық мәдениетін қалыптастыру және өскелең ұрпақты табиғатты аялауға бағыттау.
Акция барысында Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов арнайы сөз сөйлеп, қоршаған ортаны қорғау – баршаға ортақ міндет екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол табиғатты аялау, жасыл желекті көбейту және келер ұрпаққа таза әрі көрікті орта қалдырудың маңыздылығына тоқталды.
«Бүгінгі тал егу акциясы – болашаққа жасалған игі қадам. Әр отырғызылған тал – ертеңгі ұрпаққа қалдырылған аманат. Барша тұрғындарды табиғатты қорғауға және осындай игі бастамаларға белсенді қатысуға шақырамын», – деді Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов.
whatsapp-image-2026-04-24-at-16.11.00.webp
Аталған акцияға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, аудан ақсақалдары, этнос өкілдері, аудандық аналар, әйелдер кеңесі мүшелері және мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар, еріктілер мен аудан тұрғындары белсенді қатысып, белсенді қатысып, белгіленген аумақтарға 550 түп ағаш отырғызды.
Сонымен қатар, елді мекен аумақтарын абаттандыру, көгалдандыру, тұрақты түрде сенбіліктер ұйымдастырудың маңыздылығы кеңінен насихатталды.
Шара барысында қатысушылар табиғатты қорғау – баршаға ортақ міндет екенін атап өтіп, экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолында бірлесе әрекет етуге дайын екендіктерін білдірді. Бұл игі бастама аудан көлемінде тазалық пен тәртіпті сақтауға бағытталған жүйелі жұмыстардың жалғасын табатынын айқындайды.
24 сәуір 2026 ж. 79 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 104
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 694

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031