» » «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында «Қалдықсыз әлем» экологиялық акциясы өтті

«Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында «Қалдықсыз әлем» экологиялық акциясы өтті



«Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындар арасында қалдықтарды дұрыс басқару дағдыларын насихаттау мақсатында «Қалдықсыз әлем» атты экологиялық акция ұйымдастырылды.

Бүгінгі акция қаланың 5 аймағында бір мезетте өткізіліп, оған 20-ға жуық эковолонтер белсенді қатысты. Іс-шара барысында халық көп шоғырланған орындарда тұрғындарға тұрмыстық қатты қалдықтар мен пластикалық бұйымдарды азайту, олардан бас тарту және қайта өңдеуге тапсырудың маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар, тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру мақсатында 100-ден астам ақпараттық-таратпа материал үлестірілді.

Аталған акцияның негізгі мақсаты – қоғам назарын экологиялық мәселелерге аудару, тұрмыстық қалдықтарды азайтуға үндеу және табиғатты қорғау мәдениетін кеңінен насихаттау.

Мұндай экологиялық бастамалар тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлық көзқарасын қалыптастырып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған ортақ жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.

Табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті.
Таза орта – жарқын болашақтың кепілі.
30 наурыз 2026 ж. 239 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 188
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 380

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30