» » Облыстық филиал эко-акцияға қатысты

Облыстық филиал эко-акцияға қатысты


“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы Қызылорда облысы бойынша филиалы ұжымы “Таза қала, таза Қазақстан” экологиялық акциясына белсене қатысты.

Бұл игі іс-шара Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 20 жылдығына орай ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты - өңір тұрғындарына экологиялық мәдениетті насихаттау, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға үндеу және туған өлкенің тазалығына үлес қосу болып табылады.

Акция барысында филиал қызметкерлері қала аумағындағы қоғамдық орындар мен жасыл аймақтарда тазалық жұмыстарын жүргізіп, тұрмыстық қалдықтарды жинады.

“Біздің мақсат – тек қана қызмет көрсету сапасын арттыру емес, сонымен бірге қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті күшейту. Табиғатты аялау - баршамыздың ортақ міндетіміз,” – деді филиал директоры Аида Абибуллаева.

Осындай шаралар арқылы облыстық филиал ұжымы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және елдің экологиялық ахуалын жақсартуға өз үлесін қосуды жалғастырады.
09 қазан 2025 ж. 235 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 107
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 695

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031