САЛАМАТТЫ ҚОҒАМ ЖОЛЫНДА
Сейсенбі күні аудан әкімдігінде аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтауға арналған салтанатты жиын өтті. Онда аудан әкімі сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтап, ақжарма тілегін білдірді.
– Халықтың денсаулығын сақтау санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жұқпалы аурулардың алдын алу – аса жауапты әрі маңызды міндет. Осы бағытта күн сайын қажырлы еңбек етіп жүрген сала мамандары халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде елеулі үлес қосып келеді. Кәсіби біліктілік, жауапкершілік пен өз жұмыстарыңызға деген адалдықтарыңыз – санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің берік негізі. Сіздердің еңбектеріңізге табыс, қызметтеріңізге абырой тілеймін, – деді аудан әкімі.
Салтанатты жиында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне елеулі үлес қосып жүрген бірқатар сала маманы аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталып, құрмет төрінен көрінді.
Салтанатты іс-шарада аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төр3ағасы Асқар Мереков, обаға қарсы күрес қызметінің ардагері Мұрат Бәлібаев, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласының ардагерлері Алпысбай Серкешбаев пен Гүлнар Төлепбергенова игі тілектерін жеткізді.
Сонымен қатар сала ардагерлері өткен еңбек жолдарынан сыр шертіп, әңгімелеп берді.
Нұрилаәсем ӘСЕТҚЫЗЫ

















