» » ҚОҒАМДЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НАЗАРДА

ҚОҒАМДЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НАЗАРДА


Қасиетті Қармақшы – тарихи-рухани мұрасы терең, қоғамдық келісімді айрықша бағалайтын киелі мекеннің бірі. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар, қоғамдық тұрақтылықты сақтау, тұрғындармен ашық диалог орнату бағытындағы жұмыстарға да ерекше мән берілуде. Осы бағытта бүгін аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес «Руханият» орталығында баспасөз брифингі өткізіліп, аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Шәпи Нұржан Арыстанұлы 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерге тоқталды.

Қазір аудан көлемінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан тұрғындармен кері байланыс орнатып, азаматтардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау және көтерілген мәселелерді шешу бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда.

Биылдан бастап аудан аумағындағы мекемелер, бөлімдер мен кент, ауылдық округ әкімдері БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділері алдында есеп беріп, атқарылған жұмыстарын баяндады. Кездесулер барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, қойылған сауалдарға тиісті жауаптар берілді.

Қоғамдық даму саласындағы маңызды бағыттардың бірі – биыл 8 әлеуметтік жоба іске асырылуда. Жобалар қоғамдық-саяси маңызды шараларды ұйымдастыру, құқықтық мәдениетті арттыру, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жастардың әлеуетін арттыру, жасанды интеллект дағдыларын қалыптастыру және аға буын өкілдерін қолдау бағыттарын қамтиды.

Соның ішінде «Ардагерлерді ардақтайық» әлеуметтік жобасы аясында аудан ардагерлерін рухани-танымдық іс-шараларға қатысуына жағдай жасалуда. Өткен жылы ауданның 100-ге жуық ардагері Түркістан қаласы мен Байқоңыр ғарыш айлағына арнайы барса, биыл да ардагерлердің тарихи-мәдени және киелі орындарға баруын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

Аудандағы қоғамдық келісімді нығайтуда үкіметтік емес ұйымдардың да үлесі маңызды. Қазір аудан аумағында барлығы 48 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Олармен бірлесіп қоғамдық бастамаларды қолдау, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Жыл басынан бері ұлттық және отбасы құндылықтарын дәріптеп, жастар арасында ұлттық-рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында 225 іс-шара ұйымдастырылды.
Бұдан бөлек, мемлекеттік рәміздерді насихаттау және олардың талапқа сай орналастырылуын қамтамасыз ету бағытында да бірқатар жұмыстар атқарылды.

Брифинг соңында БАҚ өкілдері бөлім жұмысына қатысты сауалдарын қойып, әлеуметтік жобалар, ақпараттық саясат және басқа да бағыттар бойынша тиісті жауаптар алды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

11 қыркүйек 2026 ж. 23 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 816
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 098

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930