» » БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА БЕЛСЕНДІЛІК АРТЫП КЕЛЕДІ

БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА БЕЛСЕНДІЛІК АРТЫП КЕЛЕДІ

Бүгін аудан әкімінің тапсырмасымен «Руханият» орталығында аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарған жұмыстарына арналған баспасөз брифингі өтті.

Брифинг барысында бөлім басшысы Ғалым Ержанов бұқаралық спортты дамыту бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

Қазір аудан тұрғындары спорттың 23 түрімен айналысады. Халық игілігіне 137 спорт нысаны қызмет көрсетуде. Жыл басынан бері аудан көлемінде 115 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, спортшыларымыз республикалық және халықаралық додаларда жоғары нәтижелер көрсетуде. Қазақстан чемпионаттары мен кубоктарында 15 алтын, 22 күміс, 17 қола, ал Азия чемпионаттарында 1 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

Бүгінде ауданның 9 спортшысы Қазақстан Республикасының ұлттық құрамаларының сапына енгізілген.

Туризм бағытында да көрсеткіштер бар. 2025 жылдың қорытындысымен аудан аумағындағы, Байқоңыр қаласын қоса есептегенде, 10 орналастыру орны 7 322 туристке қызмет көрсетілген.

Сонымен қатар аудан аумағындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бойында 14 жол бойындағы қызмет көрсету нысаны жұмыс істейді.

Брифингте бөлім басшысы Ғалым Серікұлы саладағы атқарылған жұмыстармен қатар, алдағы міндеттерге де тоқталып, жас спортшыларды қолдау және туристік әлеуетті одан әрі дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасатынын жеткізді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

26 тамыз 2026 ж. 108 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 035
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 258

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031