» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА СПОРТ САЛАСЫ БОЙЫНША ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕЛЕР ҚАЛЫПТАСТЫ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА СПОРТ САЛАСЫ БОЙЫНША ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕЛЕР ҚАЛЫПТАСТЫ


2025 жыл Қармақшы ауданы үшін спорттық жетістіктерге толы табысты жыл болды. Аудан спортшылары республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, аудан мерейін асқақтатты. Бұл туралы аудан әкімі Жандос Еркінбек атап өтті.

-Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен кубоктарында қармақшылық спортшылар 19 алтын, 42 күміс және 18 қола медальды жеңіп алды. Сонымен қатар, Азия чемпионаттарында 3 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлдеге қол жеткізсе, Әлем кубогы жарыстарында 1 алтын және 1 қола медаль еншіледі,- деді аудан басшысы.

Спорт инфрақұрылымын дамыту бағытында да ауқымды жұмыстар жүзеге асырылды. 2024–2025 жылдар аралығында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Дүр Оңғар, ІІІ Интернационал және Ақай ауылдарында заманауи спорт кешендері пайдалануға берілді. Аудан халқын спорттық нысандармен қамту мақсатында бірқатар жобалар іске асырылды. Атап айтқанда, аудан бойынша 6 ойын және спорт алаңын салуға аудандық бюджеттен 152,4 млн теңге бөлініп, нысандар ел игілігіне тапсырылды. Сонымен қатар, 15,6 млн теңгеге 8 балалар ойын алаңына, ал 180 млн теңгеге аудан орталығындағы Дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ұлттық спорт түрлерін дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Осы мақсатта ауданда алғаш рет демеушілер есебінен, «Ақтөбе и К» ЖШС-нің қолдауымен, Ақтөбе ауылында жалпы құны 80 млн теңгені құрайтын ипподром құрылысы басталды. Аталған нысанды 2026 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

04 ақпан 2026 ж. 178 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930