» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ СПОРТТА ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖЕТУДЕ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ СПОРТТА ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖЕТУДЕ


2025 жылы Қармақшы ауданы үшін спорт саласында табысты жыл болды. Аудан спортшылары республикалық, азиялық және әлемдік деңгейдегі жарыстарда жоғары жетістіктерге қол жеткізді.
Қазақстан чемпионаттары мен кубоктарында жерлестеріміз 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль иеленсе, Азия чемпионатынан 3 алтын, Әлем чемпионатынан 1 қола медаль олжалап, ауданның абыройын асқақтатты.
Ауыр атлетикадан Ерасыл Сәулебеков Перуде өткен Әлем чемпионатында қола медаль, ал Астанада өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Алыш күресінен Назерке Әбілтаева Үндістанда өткен Азия чемпионатында классикалық және еркін стильде екі бірдей І орынды иеленді.

Айта кету керек, инфрақұрылым бойынша да ауқымды істер атқарылуда. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында бірнеше спорт кешендері пайдалануға беріліп, жаңа нысандардың құрылысы мен жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ақай ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылып, Қ.Мүсіркегенов көшесіндегі спорт кешеніне күрделі жөндеу басталды.
Ұлттық спортты қолдау мақсатында Ақтөбе ауылында 80 млн теңге көлемінде демеушілік қаржыға ипподром құрылысы қолға алынды.

22 шілде 2025 ж. 237 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 289
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 441

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30