» » Мәдениет пен спорт саласында жетістік көп

Мәдениет пен спорт саласында жетістік көп


Аудан келбетін айшықтап, даңқын асыратын - мәдениеті пен спорт саласы. Жүз жырау шыққан киелі Қармақшы өңірі өлмес өнердің өз адамдарын түлеткен аудан. Өткен жылы ауданның 95 жылдығы аясында 95 шара өткізіліп, кең көлемде атап өтілді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек 2023 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді баяндап берді.

-Ауданның 95 жылдық тарихын дәріптеу мақсатында «Құт қонған қасиетті Қармақшым» атты республикалық ақындар айтысы және "Қасиетті Мекен - Қармақшым" атты аймақтық жыршы-жыраулар фестивалі жоғары деңгейде өткізілді,- деді Жандос Еркінбекұлы.

Брифингте аудан әкімі Жандос Еркінбек спорттағы жетістіктерге де тоқталып өтті.

-2023 жылы аудан спортшылары спорт түрлерінен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен Кубоктарында 18-алтын,15-күміс, 18-қола медальді жеңсе, Әлем біріншіліктерінде 4 алтын, 4-қола, Европа Кубогында 1-күміс медальді жеңіп алса, Азия чемпионатында 1-алтын, 1-күміс, 3-қола медальді жеңіп алды,- деді аудан әкімі

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

26 қаңтар 2024 ж. 377 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 084
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 743

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031