СӨЗДЕН – СЫР, ҚАЛАМНАН – ҒИБРАТ
Бүгін Үсен Көлдей Томанов атындағы №183 орта мектебінде жас оқырмандар қаламгермен кездесті.
Аталмыш білім ордасының жоғары сынып оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен «Сөзден – сыр, қаламнан – ғибрат» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.
Кездесудің арнайы қонағы – жазушы, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Президентінің жастар сыйлығының иегері, «Ақ желкен» журналы бас редакторының орынбасары Досхан Жылқыбай.
Мазмұнды жүздесу барысында қаламгер өзінің шығармашылық жолы, әдебиетке келуі, жазушылық ізденістері мен шығармаларының жазылу тарихы туралы әңгімелеп, оқушылардың көкейіндегі сауалдарға жауап берді. Жас оқырмандар жазушымен еркін пікір алмасып, әдебиет пен шығармашылыққа қатысты ойларын ортаға салды.
Кездесу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітап оқу мәдениетін дамытуға және зерделі ұлт қалыптастыруға бағытталған бастамаларымен сабақтастықта ұйымдастырылды. Президенттің 2026 жылғы 16 мамырдағы Жарлығында кітап оқу мәдениетін дамыту мен зерделі ұлт қалыптастыру мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде айқындалған.
Осы бағытта жас ұрпақты кітап оқуға баулу, ұлттық әдеби мұраны насихаттау, оқушылардың рухани-мәдени әлеуетін арттыру – білім беру саласындағы маңызды міндеттердің бірі. Президент Тамыз конференциясында да кітап оқу мәдениетін насихаттауға ерекше назар аудару қажеттігін атап өткен болатын.
Шараға аудандық білім бөлімінің мамандары қатысып, оқушылардың кітапқа, әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.
Қаламгермен жүздесу жас оқырмандарға әдеби шығармаларды тереңірек түсінуге, кітап әлеміне жақындай түсуге және шығармашылыққа деген қызығушылығын арттыруға мол мүмкіндік берді.
Кездесу соңында қаламгер көркем туындыларына арнайы қолтаңба қалдырып, оқырман қауымға ұсынды.
Оқушылар қаламгерге алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсті.
Кітап оқыған ұрпақ – ойы озық, рухы биік ұрпақ!
Зерделі ұлт – сапалы білім мен тағылымды кітаптан басталады.

















