» » «КІТАП – AMANAT» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«КІТАП – AMANAT» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ


Бүгін «AMANAT» партиясы Байқоңыр филиалының «Космос» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Кітап – AMANAT» партиялық жобасы аясында «Кітап — жарық ғалам» тақырыбында жастармен мазмұнды кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, рухани-танымдық деңгейін арттыру және білімге деген қызығушылығын күшейту.

Кездесу барысында кітаптың адам өміріндегі орны, оның тұлғалық дамуға әсері, сондай-ақ қазіргі ақпараттық қоғамдағы оқырман мәдениетінің маңызы кеңінен сөз болды.

Жастармен ашық форматта өткен пікір алмасу барысында сүйікті кітаптар, оқу әдеттері, заманауи әдебиет пен классикалық шығармалардың құндылығы талқыланды. Сонымен қатар, кітап оқу арқылы ой-өрісті кеңейту, сыни ойлау қабілетін дамыту және өзін-өзі жетілдіру мәселелері қозғалды.

«Бүгінгі таңда кітап – тек білім көзі ғана емес, ол – рухани байлықтың, саналы ойдың және кемел келешектің негізі. Осындай тағылымды кездесулер жастарды кітапқа жақындатып, олардың интеллектуалдық әлеуетін арттыруға зор ықпал етеді», - деп атап өтті «Космос» БПҰ жетекшісі Ж.Садыкова.

Алдағы уақытта да «Кітап – AMANAT» жобасы аясында жастарды білім мен руханиятқа баулитын игі бастамалар жалғасын табатын болады.
23 сәуір 2026 ж. 96 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 088
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 678

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031