» » "КІТАП - AMANAT" ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАҢА КІТАПТАР КӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

"КІТАП - AMANAT" ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАҢА КІТАПТАР КӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Бүгін "Кітап-AMANAT" партиялық жобасы аясында жаңа әдебиеттерді оқырмандарға таныстыру, кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.
Шараға "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов, партия филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Сейл Жұмадьяров, білім саласының өкілдері мен оқушылар қатысты.
Кітапхана меңгерушісі Айкүнім Медеубаева қатысушыларды жаңа әдебиеттердің мазмұнын таныстырып, әрбір адам үшін білімнің қайнар көзі кітапта екенін ерекше атап өтті. Көрмеге тарихи және көркем әдеби кітаптар, Отан сүйгіштікке, еңбекқорлыққа баулитын өлең- тақпақтар, ертегілер, әңгімелер қойылды.
"Кітап-AMANAT" партиялық жобасы отандық әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға, адамдарды оқуға ынталандыруға, қазақстандық авторлар мен кітап шығарушыларды қолдауға бағытталған маңызды жоба. Бүгін жоба аясында ұйымдастырылған көрме оқырмандарға, білім алушыларға кітап әлеміне жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік беріп, олардың кәсіби және зияткерлік дамуына серпін береді", - деді Мақсат Есбенбетов.
Шара соңында "Кітап - AMANAT" партиялық жобасы аясында атқарылған жұмыстарды жүзеге асыруда белсенділік танытқан партия мүшелері "Алғыс" хаттармен марапатталды.
08 қазан 2025 ж. 436 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30