Құрылтай
» » "КІТАП - AMANAT" ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

"КІТАП - AMANAT" ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ


Бүгін "Кітап-AMANAT" партиялық жобасы аясында кітапхана қызметкерлері мен білім саласы өкілдерінің қатысуымен "Барлық білім - кітапта" тақырыбында шара өткізілді.

Шараға "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов пен партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі Сейл Жұмадьяров қатысты.

"AMANAT" партиясының 2023-2027 жылдарға арналған "Халықпен бірге!" сайлауалды бағдарламасы аясында жыл сайын театр, кітапхана, коммуникация, білім беру және демалыс орталықтарын салу және жаңғырту көзделген. "Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы" тәрбие беру тұжырымдамасы енгізіліп, еліміздің бүкіл әдеби мұрасы бірыңғай кітапхана платформасы негізінде цифрлық форматқа өткізіледі", - деді Мақсат Есбенбетов.

Өз кезегінде Сейл Жұмадьяров "Кітап-AMANAT" партиялық жобасы отандық әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға, адамдарды оқуға ынталандыруға, қазақстандық авторлар мен кітап шығарушыларды қолдауға бағытталған маңызды жоба деп атап өтті.

Шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Сондай-ақ "Кітап - AMANAT" партиялық жобасы аясында атқарылған жұмыстарды жүзеге асыруда белсенділік танытқан партия мүшелері "Алғыс" хаттармен марапатталды.
24 қыркүйек 2025 ж. 288 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 609
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31