Өтеу

Немерелер бірі – бесте, бірі – үште, Бүлдіршін шақ – бал дәуренің емес пе?
Бірге ойнап жүреді де бір лезде,
Болмашыдан түсіп қалар егеске.
Басталады екеуара бір ұрыс,
Мән бермейді қайсы бұрыс, кім дұрыс?
Бұларды да түсінуге болады,
Өмір деген – таласу мен ұмтылыс.
Екі патша, табу керек көңілін,
Татуластыр, соның жолын тап, інім.
Ортасында артист болып ойнаймын,
Бала болып өтіп жатыр көп күнім.
Бала кезде айтушы еді әжеміз,
Ол кезде біз ненің парқын сеземіз.
«Бір кемпірді өлтіріпті бір бала»,
Басқа түсті... Енді біз де төземіз.
Шындық жайлы айтар болсам досым-ау,
Не жетеді, бұл бақытқа осынау.
Қандай қиын өмір атты дүрмекке,
Жолды жалғар ұрпағыңмен қосылмау.
Толтырамыз бұл өмірдің кетеуін,
Ұрпақ әкел, келін тағы – жетеуін.
Әжем, атам мені өсірсе жетектеп,
Мен де соның қайтарамын өтеуін...
Дастан Мырзабекұлы
07 қыркүйек 2026 ж. 96 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 125
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 319

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031