» » Отыз жетінші жыл

Отыз жетінші жыл


Оқушымын партасында мектептің,
Адал жолда – адам болып өтпекпін.
«Социализм – сан жетпейтін жақсылық»,
Десе-дағы тану қиын келбетін.
Дей алмаймын адамдары жаманнан,
Киім киер, көбі соның жамаудан.
Жанұяның шырқын күнде бұзады,
Көрші еркек келген жазда қамаудан.
Тағдырымды кемістіктен жылатпа,
Сабақта жоқ, досым қалды бір апта.
– Барамын ғой, – дейді ол да күмілжіп,
– Аяқ киім алып берсе сабаққа.
Нан мен қантың болса болды, жылама,
Жалаңаяқ жүгіргенде құлама.
Жылына бір жаңа жылда шығады,
Сый қалтадан «сары майдай» бір алма.
Кездескенде көңіл хошы – бөтелке,
Одан басқа мән бермейді бөтенге.
«Сырдария арақ болып ағып жатса»,
Осы әнді айтып суға кетті өзенге.
Тарихымды танымадым шынайы,
Орыстардың болды бөлек құдайы.
Еміс-еміс үн келеді құлаққа,
Тұңғиықта тұншыққандай ұдайы.
Десек-тағы тағдыр жолы құдайдан,
Мен сұрадым білмек болып ағайдан.
– Көп арыстар атылыпты дейді ғой,
Шындық жайлы білсек екен, біз қайдан?..
Сайрап тұрған ағай қалды қабарып,
Класс үнсіз. Болар үлкен жаңалық.
«Мен де бұның білмеймін ғой анығын,
Айтар едім кетсем-дағы қамалып».
Тағы ағай ағытқандай көгенді,
Тағы мына сөзді айтып бөгелді.
«Көп жақсылар отыз жеті жылында,
Неге өлді? Күмәнім бар» деген-ді.
Толық біздер таба алмадық жауабын,
Көңілімде кермек ойды сауамын.
Күмәнданып ағай кетті ертерек,
Тәңір өзі берсін оған сауабын.
Тарих кейде тас сықылды ауыр-ды,
Көрсетпейді жаба тоқып жауырды.
Уақыты келген кезде ақтарар,
Ызғар кетіп, қарсы алғандай сәуірді.
Отыз жеті білдік сенің сырыңды,
Қанішердің өзі екенсің жырынды.
Жазықсыздың оқтар тескен өкпесін,
Қалам емес, қанмен жаздым жырымды.
Арыстардың ағып кеткен көк еті,
Шындығымның аузын тіккен келбеті.
Қазағымды құлатуға тұғырдан,
Ұмтылған-ды қызылдардың жендеті.
Отыз жеті оқтың исі мүңкіген,
Айлакерлер асып түскен түлкіден.
Елін сүйген – елдің жауы атанып,
Түнде – ұйқы, безген күндіз – күлкіден.
Отыз жеті тарих беті – ақтаңдақ,
Өткен заман адам басы боп қаңбақ.
...Әруақтарды еске алып жеткіншек,
Жүрегіңмен сезген дұрыс салмақтап.
Дастан Мырзабекұлы
31 тамыз 2026 ж. 82 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

№63 (10531)

22 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 753
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 197

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930