» » Жедел жәрдем

Жедел жәрдем

Айтып келмес ауру кім-кімге де,
Еніп алар бүйрек пе, жүрегіңе.
Сондай кезде 103-ке шағынасың,
Сол жарайды қысылсаң керегіңе.
Күн бола ма немесе түн бола ма,
Көмек керек қартқа да һәм балаға.
Өмір-өлім бір-бірін аямайды,
Жедел жәрдем түспесе екі араға.
Ғұмыр деген не жетер құндылыққа,
Қиналғанда жан ұқсар бұлдырыққа.
Ажал деген ұстауға ұмтылады,
Тек түспесін қыл мойның сол – құрыққа.
Жедел жәрдем қай кезде сай сертіне,
Табу керек әр жанның ем-дертіне.
Үміт қонып жанары жаутаңдаған,
Ену керек науқастың сеніміне.
Арпалысып ажалдан тайсалмаған,
Жедел жәрдем жеңілмес жандар маған.
Тұрғызады орнынан ауруды,
Өмір-теңіз суында тал қармаған.
Тіршіліктің тауында түйірдеймін,
Қарамаса зер салып білінбеймін.
Жедел жәрдем көргенде шын жүректен,
«Жолың болсын!» деп әркез күбірлеймін.
Дастан МЫРЗАБЕКҰЛЫ
22 мамыр 2026 ж. 202 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 079
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 290

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031