» » Жедел жәрдем жүргізушілерінің жалақысы өседі

Жедел жәрдем жүргізушілерінің жалақысы өседі

Денсаулық сақтау министрлігі Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне бірқатар толықтыру енгізілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Атап айтқанда, жедел медициналық жәрдем станцияларының жүргізушілеріне, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының жанындағы жедел медициналық жәрдем бөлімшелеріне (мобильді бригадаларға) ерекше жұмыс жағдайлары үшін базалық лауазымдық жалақыға (35 394 теңге) қосымша ақы төлеу ұсынылады.
Денсаулық сақтау министрлігі Жедел жәрдем жүргізушілері қиын жағдайда жиі тап болатынын, халыққа алғашқы көмек көрсететінін, қазақстандықтардың өмірін сақтап қалуға қатысатынын атап өтті.
Түсіндірілгендей, міндетті түрде алғашқы көмек курстарынан өтуге жататын медициналық білімі жоқ адамдар контингентіне медициналық білімі жоқ денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері, оның ішінде жедел жәрдем жүргізушілері де кіреді.
Министрлік өкілдері нақтылағандай, 2023-2025 жылдарға арналған қаражатқа қосымша қажеттілік 13 369 млн теңгені құрайды. Осылайша, 11 096 жүргізушіге қосымша ақы төленеді.
Құжат 28 наурызға дейін ашық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.
09 наурыз 2023 ж. 638 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 911
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 558

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930