Жылап тұрды

Өмірде не қасиет олжа маған,
Бар ойым қалсам екен болып адам.
Дегенмен, бұл да сірә оңай емес,
Еш жан да алғы күнді болжамаған.
Бере ме Тәңір менің ғұмырымды,
Табам ба жұмбақ жолдан тұғырымды.
Өлтіріп уақытты арақпенен,
Көрші де шығарып жүр ығырымды.
Өткізген шәкіртімен қыс-жаздарды
Мен өзім ұлық көрем ұстаздарды.
Сүйеді бар баланы жүрегімен,
Күйеді, ерітеді сан мұздарды.
Жаны да оның солай жаратылған,
Түсе ме көзге сенің дара тұлғаң?
Мына жұрт таба ала ма, әз бейнеңді,
Көз көрген тебіреністен туған жырдан.
Өлім де өмір сынды туады алдан,
Қалады, қайрылмайды қуған арман.
Білген соң айтамыз ғой, шындығында,
Тірліктің бәсі – қызық, түбі – жалған.
Кеше де жап-жас жігіт түсті апатқа,
Сыймады өмір атты тас қапасқа.
Арманы тал бойында қалып қойды,
Алғаны бар болғаны жиырма жас па?
Көңілім көрген жайдан ашар сырды,
Шәкірті өзі туған бала сынды.
...«Үміт күткен жігіттің бірі еді» деп,
Ұстазы ебіл-себіл жылап тұрды.
Дастан Мырзабекұлы
30 тамыз 2026 ж. 174 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30