» » Нашақорлыққа жол жоқ

Нашақорлыққа жол жоқ


     Ертеде бір Арман деген бала болыпты. Оның жақында көшіп келген көрші Мақсат деген досы болады. Күндердің бір күнінде Мақсат Арманды серуендеп келуге шақырады. Арман «Мақсат мені неге шақырды екен?»,- деп ойлап, көшеге шығады. Себебі Мақсат үнемі мақтанып, жаңа сатып алған заттарын көрсету үшін серуендеуге шақыратын. Бұл жолы, Арман оның үстінен жаңа жейде мен қолындағы  жаңа сағатты байқайды. Арманды көріп, Мақсат қуанып кетті. Әңгіменің басын Мақсат жаңа алынған заттары жайлы және әкесі оған қалаған затын ойланбастан алып беретінін айтып, мақтанып  бастайды. Сол кезде Арман өзінің үстіндегі жейдесіне қарап, іштей әкелерін салыстырып,  өзін төмен сезінеді. Екеуі біраз әңгіме-дүкен құрып,кеш қайта үйлеріне тарқайды. Үйге келсе, Арманның әкесі үйіне жұмыстан шаршап келіп, демалғалы жатыр екен. Әрине, Арман бұл сәтте әкесіне бүгінгі болған оқиғаны  айтуға батылы бармайды. Бірақ, Мақсаттың айтқан сөздерін есіне түсірген кезде бар батылын жиып, әкесіне: «Әке, менің достарым қымбат жейделерді күн сайын ауыстырып отырады, ал мен үнемі тоз-тозы шыққан  жейдемен жүремін. Сіздің табысыңыз аз екенін, барынша отбасыңызды асырап жүргеніңізді білемін. Десе де, әке мен де өзгелер секілді еңсемді көтеріп, жаңа киімдер киіп жүргім келеді »-, деп тіл қатады. Бұл сөз әкесіне ауыр тиеді.Сөйтіп әкесі келесі күні көбірек ақша табудың жолын қарастыра бастайды. Әкесі бар жұмысқа «мынау қиын, мынау жұмысқа менің уақытым жетпейді»,- деп барлық жұмысты ұнатпайды.Сөйтіп жеңіл,әрі ақшасы да көп, тиімді жұмысты іздейді. Ұзақ ойланып, наша сатып, мол табысқа кенелуді жөн көреді. Арманның әкесіне басында бәрі оңай болып көрінеді, жеңіл ақша, мол табыс тапқанына қуанып жүреді. Алайда, қуанышы ұзаққа созылмады. Себебі, үйінің алдында тұрған полиция көлігін көрген әкесінің зәрі құты қалмай, бойын мазасыдық билейді. Арман сабақтан қайтып, үйіне келсе, полиция қызметкері Арманның әкесін алып бара жатыр екен. Осының бәрі өзінің әкесіне айтқан ауыр сөздерінің салдары екенін түсінген Арман «бұл іске мен кінәлімін», -деп өзін жазғырады. Полиция бөлімшесіне жеткенде әкесі: «осымен, менің өмірім осылай темір торда өтеді ме?»,- деп түңіліп отырған кезде,бөлімшенің басшысы кіріп келеді. Бөлімше басшысы Айдос Маратты (Арманның әкесі) көріп, таңырқап қалады. Айдос пен Марат бала күннен бірге өскен достар еді. Марат досына мән-жайды айтып береді. Досының бір қателік жібергенін, ісіне өкініп отырғанын көрген Айдос оны босатып, біржолға досына жеңілдік жасайды. Себебі, Марат оған талай қиын сәттерде көмек қолын созған, жүрегі жұмсақ, адал жан екенін жақсы білетін.
    Босап шыққан әкесі үйіне оралады. Әкесін көрген Арман әкесіне қарай жүгіріп барып «ӘКЕ,маған ақша емес сіз керексіз» деп еріксіз жылап жібереді. Келесі күні Арман көшеге бұрынғы тоз-тозы шыққан жейдесімен шығады. Оны көрген Мақсат Арманға «Сен әлі бұрыңғы жейдеңмен жүрсің бе? маған қарашы әкем маған жаңа жейде алып берді» деп, тағы мақтана бастайды.Сонда Арман оған «ия, бәлкім саған әкең жаңа жейде алып берген шығар, бірақ сенің әкең  ұзақ уақыт сенің қасында болмайды. Ал, менің әкем  бізге көңіл бөледі,сабағымызға қарайды, ал сенің әкең тіпті сенің жағдайынды да білмейді. Негізінен нағыз байлық – ол сенің жақындарыңның жаныңда болуы» дегенде Мақсат үнсіз қалады...

Мадияр БАҚЫТЖАНҰЛЫ,
Ү.Томанов атындағы 
№183 орта мектептің 
7 "А" сынып оқушысы
10 қаңтар 2025 ж. 35 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

№2 (10370)

10 қаңтар 2025 ж.

№1(10369)

07 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 288
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031