» » » Көктеммен қауышу (өлең)

Көктеммен қауышу (өлең)


Ұмытып бәрін күйбеңнің,
Керемет бүгін күйге ендім.
Көктемді қалай ұнатсам -
Сұлуды солай сүйгенмін.

Ғажабы қандай мауықтың,
Мас болып қалу – қауіп тым.
Сұлумен қалай сүйіссем –
Көктеммен солай қауыштым.

Өкінткен талай өткен күз,
Болмайды өмір өктемсіз.
Кенелем қалай шуаққа,
Көгерем қалай көктемсіз?

Жауында жылап қалған бақ,
Жүрекке солай салған дақ.
Қызғалдақ қызықтырса да –
Сарғайтқан мені сарғалдақ.

Кетті ұзап ақ қыс – ақ әлем,
Арудың сәні ед қара мең.
Қалқа қыз қайта кезіксе
Моншақты алқа тағар ем.

Өксиді өмір жалған боп,
Көңілде шіркін, арман көп.
Өзімді өзім жұбатам
Қызғалдақ бізден қалған деп.

Солғындап көздің шырағы,
Самайдың қаулап тұр ағы.
Сонда да гүлдің жұпарын
Иіскегім келіп тұрады.

Достық ТІЛЕУБЕРГЕНОВ,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі
24 наурыз 2021 ж. 1 115 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 978
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 207

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031