Менің Абайым

"Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла!"
Арсыздың сынап арзан мұратын,
Жазарда малып мұңға қаламын.
Мені осы ылғи таңғалдыратын,
Хакімім Абай – жұмбақ адамым.

Түспей-ақ даудың кіл арасына,
Тоғышарларға таланған Абай.
Өнердің мұнар мұнарасына,
Кірпіші болып қаланған Абай.

Оразбайлардың озбырлығына,
Тосқауыл болып тұра алған Абай.
Заманы неге қор қылды мына,
Ұжданы ол ұлттың ұға алғанға Абай.

Менің Абайым – менің жалғызым,
Поэзияның дара көгінде.
Оқшау ойлардың темірқазығын,
Сыналай қаққан қара сөзінде.

Анық мұрасы – алып сандығы,
Ғалымдар тартсын таразысына.
Даналығы һәм данышпандығы,
Болашақтың да ғажабы, сірә.

Қозғаған ойды қалай әдемі,
Абызым жайлы асырмай айтсам:
Ақиқатында Абай әлемі,
Аралдай мәңгі ашылмай жатқан.

Достық ТІЛЕУБЕРГЕНОВ

19 қыркүйек 2020 ж. 1 519 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№47 (10515)

22 маусым 2026 ж.

№46 (10514)

20 маусым 2026 ж.

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 341
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 863

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930