Абай туралы ой



Ашайын саған сырымды бүгін,
Айтылмай қалса – үгілем.
Арзуым аз ба, мұңымды ұғын,
Абайға неге жүгінем?

Ал, тыңдаймысың, мында бар үлгі,
Өскен Ұл мұрты тебіндеп.
Оралтсам ойға құтпан шалынды
Қаларым рас, жеңілдеп.

Қасиет тұнған бойында мықты,
Тағдырдан қорқам талайсыз.
Данышпандығын мойындайықшы,
Асқақтасақ та Абайсыз.

Ол – Ұлы! Мен – кім? Өмірде мүлде,
Теңдесе алман. Бұл қалай?
Көңілсіз ойға көмілгенімде
Көлбеңдеп көзде тұрды Абай.

Берердей қанат адамға бітіп,
Қара сөздері-ай, ғажап тым.
Сорына – өзі талауға түсіп,
Бағына туған қазақтың.

...Тау жақта биік түрленген шынар,
Биылғы Абай жылында.
Еңбегін екшей бергеннен шығар
Той жасап елім шынында.

Арзан ой, желік... қызығы – күнә,
Кешсек те күйді есалаң.
Көріме түспей, ұлылығына,
Ғұмырда тағзым ете алам.

Бүлдіріп яки бүлініп жүріп,
Сүріндім жолда талай мен.
Сыйлайтын сонда ізгі бір үміт
Сырласа қалсам Абаймен.
Достық ТІЛЕУБЕРГЕНОВ
11 тамыз 2020 ж. 987 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 064
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031