» » » Бетпердең қайда, тұмшалан!

Бетпердең қайда, тұмшалан!


Белгілі сазгер, әйгілі "Тамшылар", "Есіл ағады" әндерінің авторы, Қазақстанның еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Ахмедия Есмұхановтың рухына.

Жарылқап Құдай наласы барды.
Ауырпалығыңды маған сал.
Аманыңда Айдың аласапыранды
Кешуде бүгін ғаламшар.

Қазақпыз күткен кіл үміт көктен,
Орындалмаған арман қай?
Аспанның асты дүрлігіп шектен
Шын әбігерге салғандай.

Осы ма дүрдей дүлей дегенің,
Сойқанның соңын білмек кем.
Ұлғайып күдік, үрейленемін
Індетіп жеткен індеттен.

Тайраңын салған тәжтажал мынау,
Ауыздықталмауы мүмкін бе?
Дерт құшқан жұртым жүздеген... мың-ау
Баудай боп жайрап бір күнде.

Дала да мұңлы, қала да мұңлы,
Сен де көр достым, ой кешіп.
Әнебір әулет қара жамылды
Көрші үйде қабат той да өтіп.

Қашықта сынды келер күн нұрлы,
Ұзатпақ қызды тағы олар.
Шарасыз қалса - сөгерсің кімді
Сақталмай сақтық шаралар.

Не деген бейқам, бір-бір паң бәрі,
Күй қашты көңіл-хошымнан.
Нұрлы бейнелі Нұрсұлтандағы
Көз жаздым сазгер досымнан.

Ауыр ғой, ауыр адамға мына,
Жайсыз боп жеткен кіл хабар.
Сапарын ерте тәмамдады ма
Талантты талай тұлғалар.

Қамсыздық деген - бұл саған қайшы,
Қорғай алмадым. Өкінем!
...Бетпердең қайда, тұмшалансайшы
Бауырым, саған өтінем!

Достық ТІЛЕУБЕРГЕНОВ
08 тамыз 2020 ж. 958 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 368
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 141

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930