» » » «Тіл мерейі – ел мерейі» көркемдеп оқу фестивалі

«Тіл мерейі – ел мерейі» көркемдеп оқу фестивалі


5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінде «Тіл мерейі- ел мерейі» атты аудандық көркемдеп оқу фестивалі ұйымдастырылып өткізілді. Мәдени шараның басты мақсаты - Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қазақ тілінің көркемдігі мен байлығын насихаттау, жас ұрпақтың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Сонымен қатар қатысушылардың көркем шығарманы мәнерлеп, дауыс ырғағын сақтай отырып оқу шеберлігін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Фестивалде аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нысанбаев Ғарышбек Бауыржанұлына құттықтау сөз сөйлеп, талапкер қатысушыларға сәттілік тіледі.

Фестиваль барысында қатысушылар қазақ ақын-жазушыларының өлеңдері мен көркем шығармаларынан үзінділерді жатқа және мәнерлеп оқып, арнайы Дипломдармен марапатталып, сый-сияпаттар табыс етілді.

Фестиваль жас ұрпақтың ана тілін құрметтеуіне, ұлттық әдеби мұраға қызығушылығының артуына және қазақ тілінде еркін сөйлеу мәдениетінің қалыптасуына ықпал етеді.

04 қыркүйек 2026 ж. 221 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 125
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 319

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031