» » АУДАНЫМЫЗДА ХАЛЫҚҚА ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ

АУДАНЫМЫЗДА ХАЛЫҚҚА ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ


Бүгін Қармақшы ауданы әкімдігі мен Қызылорда облыстық адвокаттар алқасы арасында халыққа құқықтық қызмет көрсету мәселелері бойынша ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Іс-шараға Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Мейірбек Даубалаев, төраға орынбасары Шадияр Наркешбаев, Төралқа мүшелері Бижан Иманғалиев пен Хасенхан Үсеинов, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдері, дербес бөлім басшылары, мемлекеттік қызметшілер, ауданның кәсіби емес медиаторлары, Билер кеңесі мен Қоғамдық кеңестің мүшелері және мекеме басшылары қатысты.

Жиында аудан әкімінің тапсырмасымен аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов қатысып:

-Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: «Елімізде кез келген құқық бұзушылыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру және азаматтардың құқықтық санасын көтеру – барлық мемлекеттік және қоғамдық институттардың ортақ міндеті», – деп атап өтті. Осы тұрғыда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және халыққа сапалы құқықтық көмек көрсетуді қамтамасыз ету – баршамызға ортақ жауапкершілік. Бүгінгі кездесу соның айғағы,- деп мәжілістің маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Мейірбек Тилләбекұлы да тұрғындарға көрсетілетін құқықтық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту, құқықтық мәселелерді жедел шешу бағыттары бойынша толық түсіндірді.

Мұнан соң аудан әкімдігі мен облыстық адвокаттар алқасы арасындағы меморандумға қол қойылды.

Қол қойылғаннан кейін бірлескен жұмыстардың басталғанын айқындайтын арнайы лента қиылып, нысанның ашылу рәсімі өткізілді.

Айта кетсек Қармақшыда қазір 1 адвокат тарапынан тұрғындарға құқықтық кеңес беру және заң көмегін көрсету жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар ауданда Билер кеңесі жұмыс істеп, дау-дамайларды сотқа жеткізбей шешу, ел арасындағы татулық пен бірлікті сақтау бағытында өз үлесін қосып келеді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

28 тамыз 2026 ж. 46 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

№63 (10531)

22 тамыз 2026 ж.

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 740
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 184

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31