» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ


Қармақшы ауданында республика көлемінде бір мезетте ұйымдастырылған «Халық заңгері» республикалық акциясы аясында тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсету шарасы өтті.

Акция Жосалы кентіндегі “Руханият орталығында” және Жаңажол ауылдық округіндегі клуб үйінде ұйымдастырылды.

Іс-шараға аудан прокуроры Мейрамбек Маханбетжанов, аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев, құқық қорғау және мемлекеттік кірістер органдарының, денсаулық сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының, сондай-ақ бірқатар бөлім, мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері мен білікті заңгерлер, нотариустар, адвокаттар және сот орындаушылары қатысты.

Қабылдау барысында көрші ауылдық округтерден де келген азаматтардан әлеуметтік қамтамасыз ету, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, жер, салық салу бойынша сұрақтар қабылданып, нақты жауаптар мен кеңестер берілді.
Жосалы кентінде 100-ден аса, ал Жаңажол ауылында 70-тен астам тұрғын жеке қабылдаудан өтті.

Акция аясында тұрғындарға қолданыстағы заңдарға сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.

Аудан прокуроры Мейрамбек Жаңбырбайұлы өз сөзінде:

– Құқық бұзушылық тек түнгі уақытта емес, түрлі салада да кездеседі. Сол себепті осындай кездесулер арқылы құқықтық мәдениетті арттырып, заң талаптарын түсіндіру – басты мақсат. Халықтың мәселесін тікелей тыңдап, тиімді шешім қабылдау үшін мұндай қабылдаулардың маңызы зор, – деді.

«Халық заңгері» акциясы Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Заң мен Тәртіп» аясында жыл сайын дәстүрлі түрде республика көлемінде өткізіліп келеді және халыққа тегін құқықтық көмек көрсетуге бағытталған.

01 қараша 2025 ж. 129 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 005
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 679

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031