Құрылтай
» » ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ

ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ

Қармақшы ауданында алдағы жылу беру маусымын қауіпсіз өткізу үшін дайындық және профилактикалық жұмыстар басталды. Ауданның төтенше жағдайлар бөлімі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Жылыту маусымы кезінде өрттің негізгі себептерінің бірі – жылыту пештерін пайдалану талаптарының сақталмауы, пештер мен түтін мұржаларының ақаулы болуы, электр желілеріне шамадан тыс күш түсуі және қолдан жасалған жылыту құрылғыларын пайдалану. Осыған байланысты тұрғын үйлердегі жылыту пештері мен түтін мұржаларының техникалық жағдайына, электр желілері мен жылыту құрылғыларының қауіпсіз пайдаланылуына ерекше назар аударылуда.
Сонымен қатар газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, газ баллондары мен газ құрылғыларын дұрыс орналастыру және олардың жарамдылығын алдын ала тексеру қажеттілігі тұрғындарға түсіндірілуде.
Тұрғындарға жылыту маусымы басталмас бұрын пештер мен түтін мұржаларын тексертіп, анықталған ақауларды дер кезінде жою, электр сымдарының жарамдылығына көз жеткізу және балаларды қосылған жылыту құрылғыларының жанында қараусыз қалдырмау ескертіледі. Сондай-ақ пешті жағу кезінде тез тұтанатын заттарды оның маңына қоюға және пешті қараусыз қалдыруға жол бермеу қажет.
Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы адам өмірін, денсаулығын және тұрғын үйді өрттен қорғауға болады.
Қауіпсіздік – әр үйден басталады!
Қармақшы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі
21 тамыз 2026 ж. 30 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 701
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31