» » Алдағы жылыту маусымына дайындық қарқынды жүргізілуде

Алдағы жылыту маусымына дайындық қарқынды жүргізілуде

ШЖҚ "Қызылорда газ тарату жүйесі" КМК Тереңөзек, Жалағаш, және Жосалы кенттеріндегі газ мамандары жылыту маусымына дайындық жұмысын бастауда. Жылыту маусымына деген дайындық жұмыстары ШЖҚ "Қызылорда газ тарату жүйесі" КМК басшылығының ерекше бақылауында, сондықтан алдағы күзгі- қысқы кезеңге дайындық өткен маусымы аяқтала сала басталды. Жылыту маусымына дайындық жұмыстарының жоспары кестеден ерте орындалып келеді. Техникалық жұмыстардан бөлек, газ реттеуіш пункт қондырғыларында есептегіш құралдары мен қысым өлшеуіш құрылғыларына тексеру жүргізілді.
Газ мамандары жоспарлы жұмыстан бөлек, газ бен газ жабдықтарын пайдалануда қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін үнемі ескертіп отырады.Кент мамандары елдімекен көшелерін күнделікті аралап, газ қауіпсіздігі туралы жадынамаларды үй-үйге таратады. Бұл жұмыс өте ауқымды болғанымен, абоненттерге жадынама беру арқылы, газ тұтынуды қауіпсіз етуге көмектеседі.
Жалпы, кент тұрғындарына әлеуметтік желілер арқылы газды тұрмыста қауіпсіз пайдалану бойынша бейнероликтер мен жадынамаларды тарату бойынша жұмыстар тұрақты жүргізіледі. Осындай жұмыстарды тұрақты атқару арқылы ШЖҚ «Қызылорда газ тарату жүйесі» КМК халықты үздіксіз газбен қамту миссиясын орындап келеді.
25 шілде 2022 ж. 560 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 097
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 751

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031