Құрылтай
» » ИГІ БАСТАМА, ІЛКІМДІ ТІРЛІК

ИГІ БАСТАМА, ІЛКІМДІ ТІРЛІК

Қармақшы ауданындағы шалғай елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Т.Көмекбаев, Алдашбай ахун және Қуаңдария ауылдық округтерінде бірқатар маңызды жұмыс атқарылып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға басымдық берілді. Ауыл әкімдері Бахытжан Әбдиев, Ермек Жақанов, Ардақ Аймырзаев алғашқы алты айда атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер жөнінде баяндады.
Т.Көмекбаев ауылдық округінде халықтың негізгі кәсібі – мал шаруашылығы. Сонымен қатар тұрғындар бақша өнімдерін өсірумен айналысады. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуде көшелерге 4 бейнебақылау камерасы орнатылып, елді мекеннің барлық көшесінде жарықтандыру жүйесі жұмыс істеп тұр. Шалғай ауылдар үшін маңызды саналатын интернет мәселесіне де көңіл бөлінген. Шобанқазған және Кекірелі елді мекендеріне кең жолақты сымсыз интернет желісі тартылып, оның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін күн панельдері орнатылды. Ал ауыл тұрғындарына бақша өнімдерін өсіруге жағдай жасау мақсатында «Камали табан», «Торыбай» және «Қарақ» өңірлерінен 24 гектар жер дайындалған. Ауылдағы маңызды инфрақұрылымдық нысандардың бірі – Қарақ учаскесіндегі бес көзді гидротехникалық құрылыс. Бұған дейін апатты жағдайда болған су тоспасына ағымдағы жөндеу жүргізіліп, бүгінде нысан қалыпты жұмыс істеуде.
Алдашбай ахун ауылдық округінде де әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жақсартуда бірқатар жұмыс атқарылған. Жыл басынан бері ауыл бюджетінің жоспарланған шығыстары толық игерілді. Тұрғындарды аяқсумен қамтамасыз ету үшін 3,4 млн теңге бөлініп, канал бойындағы электр насос жүйесінің жұмысы жақсартылды. Бүгінде ауылдың 8 көшесі жарықтандырылып, 159 жарықтандыру бағанасы орнатылған. Әлеуметтік нысандардың жағдайын жақсартуда мектепте ағымдағы жөндеу жүргізіліп, №10 бөбекжай-бақшасында да қажетті жұмыстар аяқталды. Қоғамдық қауіпсіздік үшін 4 бейнебақылау камерасы орнатылып, өрт сөндіру бекетінің материалдықтехникалық базасы күшейтілді.
Қуаңдария ауылдық округінде де тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жалғасуда. Ауыл бюджетінің түсімдері жоспардан жоғары орындалған. Ауыл шаруашылығы саласында тұрғындардың жеке қажетіне бақша өнімдерін өсіруіне мүмкіндік жасалып, «Таңатар» каналы бойындағы «Елубай» өңірінен жер бөлінді. Нәтижесінде 26 отбасы бақша дақылдарын еккен. Мамыр айының соңынан бастап ауыл ішіне аяқсу тұрақты беріліп келеді. Инфрақұрылым бағытында ауыл көшелеріне 4 бейнебақылау камерасы орнатылып, Бәйтерек көшесіне жаяу жүргіншілер жолы салынды. Сонымен қатар жастар саябағын, жарықтандыру жүйесін және өрт сөндіру бекетін орналастыруға қажетті жер учаскелерінің құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы, аталған ауылдық округтерде алдағы кезеңде инфрақұрылымды жетілдіру, ауыл шаруашылығын дамыту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғаса бермек.
«ҚТ» ақпарат
20 тамыз 2026 ж. 33 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 694
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 142

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31