Құрылтай
» » ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен аудан әкімдігінде кезекті мәжіліс өтіп, күн тәртібіне сәйкес жаңа оқу жылына дайындық барысы қаралды.

Жиында білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына толық әрі сапалы дайын болуы мен мектептердегі жөндеу және абаттандыру жұмыстары жайында аудандық білім бөлімінің бас маманы Тәжігүл Әбенова баяндап өтсе, аудандық аграрлы-техникалық колледжінің директорының міндетін атқарушы Әбдікәрім Жұбанышев колледждегі дайындық жұмыстарын атап өтті.

Қазір бірқатар мектептерде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан Жандос Еркінбек нысандардағы жұмыстар белгіленген мерзімде аяқталуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Сонымен қатар оқулықтар мен әлеуметтік қолдауды қажет ететін балаларды мектепке дайындау мәселелері де назардан тыс қалмады. Осы бағытта «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында әрбір баланың жаңа оқу жылына дайын болуын қамтамасыз ету тапсырылды. Бұдан бөлек білім беру ұйымдарындағы жол белгілерін қалыпқа келтіріп, оқушылардың жолдан қауіпсіз өтуін реттеу мақсатында мектептердің алдындағы жол қозғалысын бақылау бойынша тапсырмалар берілді. Сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында құзырлы органдармен бірлесіп, рейд жұмыстарын тұрақты ұйымдастыру қажет екені айтылды.

Мәжіліс соңында жауапты сала басшыларына жүктелген міндеттердің орындалуын қатаң бақылауға алып, әрбір тапсырма бойынша жүйелі нәтижеге жұмыс істеу тапсырылды.

Айта кетсек бүгінде ауданымызда 15 мыңнан аса 1-11 сынып оқушылары білім алса, биыл 1 сыныпқа 1300-ден астам бала қабылданып отыр.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

18 тамыз 2026 ж. 57 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 677
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 129

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31