Құрылтай
» » ГАЗ САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

ГАЗ САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ


Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен кезекті мәжіліс өтті. Жиын барысында облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте көтерілген мәселелер қаралып, аудан үшін өзекті саналатын газдандыру жұмыстарының барысы мен 2026–2027 жылғы жылу беру маусымына дайындық мәселелері талқыланды.

Жиында алдымен аудандағы табиғи газбен қамту мәселесі қаралды. Қазіргі таңда Жосалы және Төретам кенттері, Ақай және Дүр Оңғар ауылдары табиғи газ желісіне қосылып, аудан халқының 74,8 пайызы көгілдір отынмен қамтылған. Сонымен қатар, Төребай би және Иіркөл ауылдарын газдандыру жұмыстары жалғасуда. Аталған жобалар толық аяқталғаннан кейін аудан халқының табиғи газбен қамтылу деңгейі 77,3 пайызға жетеді деп жоспарлануда.

Мәжілісте газдандыру нысандарындағы құрылыс жұмыстарының орындалу барысы қаралып, жауапты сала басшысына жұмыстардың сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап табиғи газ тарифінің өзгеруіне байланысты тұрғындарды кеңінен ақпараттандыру, тұтынушылардың коммуналдық сала қарыздарын өндіріп алу бағытындағы жұмыстары талқыланды. Осыған байланысты жауапты мекемеге аудан тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе – алдағы жылу беру маусымына дайындық туралы мәселе қаралды. Мәжілісте әлеуметтік нысандардың қажетті сұйық, қатты және газ отынының қорын қалыптастыру, жылу жүйелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу, қажетті қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғындарды көмірмен үздіксіз қамту мәселелері жан-жақты талқыланды.

Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларының басшылары өз салалары бойынша атқарылып жатқан дайындық жұмыстары жөнінде баяндап, жөндеу жұмыстарының белгіленген мерзімде аяқталатынын жеткізді.

Сонымен қатар, электр энергиясына қалыптасқан берешекті азайту, электр тарату желілерін қысқы кезеңге дайындау және ауыз су жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Жауапты мекемелерге электр және ауыз су желілерінің қыс мезгілінде тұрақты әрі апатсыз жұмысын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды күшейту тапсырылды.

Мәжіліс қорытындысында аудан әкімі барлық жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына жылу беру маусымына дайындық шараларын сапалы әрі мерзімінде аяқтауды, әлеуметтік нысандардың қажетті отын қорын толық жеткізуді, жылу жүйелерінің дайындығына тұрақты мониторинг жүргізуді және барлық нысандардың дайындық паспорттарын белгіленген мерзімде әзірлеуді тапсырды.

Аудан әкімі берілген тапсырмалардың орындалуы тұрақты бақылауда болатынын атап өтті.

07 шілде 2026 ж. 29 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 426
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 936

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031