» » ДҮР ОҢҒАР АУЫЛЫН ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

ДҮР ОҢҒАР АУЫЛЫН ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН


Аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен Дүр Оңғар ауылына газ құбыры мен орамішілік газ тарату желілерін салу жобасының жүзеге асырылу барысын талқылау мақсатында мәжіліс өткізілді.

Жобаның құрылыс жұмыстары өткен жылдың қазан айында басталып, биыл қараша айының соңында аяқтау жоспарланып отыр. Мердігер мекеме – «МБК Құрылыс» ЖШС.

Жоба іске қосылған жағдайда аудан халқының табиғи газбен қамтылу деңгейі 82 пайызға жетеді.

Сонымен қатар Дүр Оңғар ауылы арқылы басқа елді мекендерді газдандыру бағытында да жұмыс жүргізіліп отыр. Атап айтқанда, Иіркөл және Төребай би ауылдарына дейінгі және ауылішілік газ желісінің жобалық-сметалық құжаты әзірленіп, құрылыс-монтаж жұмысының қажетті қаржы бөлу бойынша тиісті шаралар атқарылуда.

Жиын соңында Жандос Еркінбек мердігер мекемеге, техникалық және авторлық қадағалау мамандарына жұмыстың сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын қатаң тапсырды.
Сонымен бірге алдағы уақытта басқа елді мекендерді газдандыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі жалғастыру қажеттігін қоса атап өтті.

10 қараша 2025 ж. 259 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 266
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 803

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930