» » Дүр Оңғар ауылына табиғи газ тарту жұмыстары басталды

Дүр Оңғар ауылына табиғи газ тарту жұмыстары басталды


Республика күні қарсаңында аудан әкімі Жандос Еркінбектің қатысуымен Дүр Оңғар ауылына газ тарту жұмыстарының басталу рәсімі өтті.

Аталмыш іс-шарада, аудан басшысы елді мекен тұрғындарының көптен күткен қуаныштарымен құттықтап, тарихи жобаның сәтті жүзеге асуына тілектестігін білдірді.

– Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының ерекше қолдауының арқасында Дүр Оңғар ауылына дейінгі және ауылішілік газ желісінің құрылысының басталуына облыстық бюджеттен 1 млрд.теңге қаржы бөлініп, бүгін міне жұмыстары басталуда. Жобаның жалпы құны 7,1 млрд. теңге қаржыны құрайды. Жоба барысында 86,936 км газ құбыры және 3 дана газ реттегіш кафты пункт (ГРПШ) салынатын болады. Дүр Оңғар ауылына газ жеткізілгеннен кейін осы аймақтағы қалған елді мекендерді табиғи газбен толықтай қамтуды жоспарлап отырмыз. Табиғи газ – тіршілікті жеңілдетіп қана қоймай, қоршаған ортаны қорғауға, орман қорын сақтауға зор мүмкіндік береді. Сондықтан бұл игілікті істің аудан тұрғындары үшін пайдасы зор, – деді аудан әкімі.

Одан кейін, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, облыстық мәслихат депутаты, «Жаңажол» ЖШС төрағасы Орынбасар Төлепов сөз сөйлеп, ізгі лебіздерін жеткізсе, еңбек ардагері Қуаныш Жұмағұлов батасын берді.

Айта кету керек, бұған дейін 2021 жылы Жосалы кенті табиғи газға қосылған болатын. 2022 жылы бастау алған жалпы құны 2 млрд. 186,9 млн. теңге болатын Ақай ауылдық округі (2023 жылы) мен Төретам кентінде (2024 жылы) газдандыру жұмыстары толық аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Жалпы осы газдандыру жұмыстарының нәтижесінде аудан тұрғындарының 70 пайызы көгілдір отын игілігін көріп отыр. Сонымен қатар, Жосалы кентінің «Тәуелсіздік» ықшам ауданына жоба құны 707,7 млн. теңгені құрайтын газ құбыры мен орамішілік газ тарату желілерінің құрылысы жүргізілуде.

Сонымен қатар, 2024 жылдың басында Дүр Оңғар ауылында дәрігерлік амбулаториялар салынып, пайдалануға берілген болатын. Дәл сондай дәрігерлік амбулаториялар Дауылкөл, Ақжар ауылдық округтерінде салынып, пайдалануға берілді. Ал, биылғы жылы Қуаңдария және Қармақшы ауылдарында фельдшерлік-акушерлік бекеттерінің, Ақай, Дүр Оңғар және ІІІ Интернационал ауылдарында дене-шынықтыру кешендерінің, Жосалы кентіндегі «Руханият» орталығының және әлеуметтік осал топтағы, кезекте тұрған азаматтарға арналған тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Осындай нәтижелі жұмыстардың арқасында аудан халқының әлеуметтік жағдайы жақсарып, тұрмысы түзеліп келеді.

18 қазан 2024 ж. 171 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031