» » Төретам кенті мен Ақай ауылы газға қосылды

Төретам кенті мен Ақай ауылы газға қосылды



Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қармақшы ауданына жұмыс сапарымен барып, «Төретам» кенті мен «Ақай» ауылына газ қосу рәсіміне қатысты. Салтанатты шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Руслан Рүстемов, Наурызбай Байқадамов, Мәжіліс депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов және еңбек ардагерлері келді.

Аймақ басшысы «көгілдір отын» игілігіне кенелген тұрғындарды құттықтап, елді мекендерді дамыту жоспарына тоқталды.

«Президентіміздің, Үкіметтің Сыр өңірін ерекше қолдауының арқасында аймағымызда ауқымды жобалар жүзеге асуда. Екі жыл бұрын облыс бюджеті 364 млрд. теңге болса, бүгінде 733 млрд. теңгеге жетті, яғни 101,4 пайыз өсім бар. Бұл қаражат аймақтағы ең өзекті мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және ауқымды инфрақұрылымдық жобаларға жұмсалуда.

Аймақта 43 млрд. 300 млн. теңгеге 300 шақырымнан астам автомобиль жолы жөндеуден өтеді. Осылайша жақсы жағдайдағы жолдар үлесі 92 пайыздан аспақ. Электр энергиямен қамтуда 11 млрд. теңгенің 38 жобасы қолға алынған. Бұл тозығы жеткен электр желілерін 66 пайыздан 62 пайызға азайтады.

Биыл 11 елді мекенді газдандыру бойынша 30 млрд. теңгенің 20 жобасы жүзеге асырылуда. Нәтижесінде газбен қамту көрсеткіші 78 пайызға жетеді. Облыс халқының 98,4 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Осы уақытта 5 млрд. 300 млн. теңгенің 13 жобасы қарқын алды», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Ауыл тұрғындарын Қызылорда облысының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Ибрагим Әбибуллаев құттықтап, ардагер Махамбет Рысмағамбетов батасын берді. Іс-шарада ауданның дамуына үлес қосқан азаматтар мен ардагерлер облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Сол жерде аймақ басшысы тұрғындармен кездесіп, көтерген мәселелерін тыңдап, ұсыныс-пікірлер бойынша сала басшыларына тапсырма берді.

Рәсімнен кейін облыс әкімі газ қосылған үй иелеріне ізгі тілегін білдірді.

Өткен жылы Қармақшы ауданының бюджеті 12 млрд. 800 млн. теңге болса, бүгінде 16 млрд. 800 млн. теңгеге жетті. Бұл қаржы аудан тұрғындарының түйткілді мәселелерін шешуге бағытталды. Бүгін 2022 жылы басталған «Төретам» кенті мен «Ақай» ауылын газдандыру толық аяқталды.
Дүр Оңғар ауылына газ желісін тартуды бастау үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Жұмыс жақын арада басталады. Бұдан бөлек, «Жосалы» кентіндегі жаңадан ашылған «Тәуелсіздік» шағын ауданына газ жеткізілуде. Т.Көмекбаев, «Ақтөбе» ауылдарының электр желілері қайта жаңғыртылуда. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Дүр Оңғар және «ІІІ Интернационал» ауылдарында денешынықтыру кешендері салынуда. Биыл толық аяқталып, пайдалануға беріледі.

«Ақай» ауылындағы денешынықтыру кешенінің құрылысы мердігер мекеменің дұрыс ұйымдастырмауынан созбалаңға салынған. Ғимарат жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
«Ақжар-Тұрмағамбет-Көмекбаев» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 27 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Қызылтам» елді мекеніне кіреберіс автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, 4,6 шақырымына асфальт төселді. Жалпы ауданда 46,3 шақырым көше жөндеуден өтті. Қазіргі кезде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдың үлесі 83 пайызға жетті.
«Білімді қолдау қорына» Тұрмағамбет ауылындағы №29 орта мектептің 250 орынға арналған құрылысы үшін бюджеттік өтінім жолданып, 2025 жылы салынатын нысандар тізіміне енгізілген.

Аймақ басшысы алдағы уақытта елдің игілігі мен балалардың болашағы жолындағы ауқымды жобалар жалғасын табатынын айтты.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
23 тамыз 2024 ж. 152 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 36

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 254

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930