» » Аудан кірісі 2,2 млрд теңгеге жетті

Аудан кірісі 2,2 млрд теңгеге жетті

Осы аптада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аудандардың даму жоспарын қарау жөніндегі кеңесі өтті. Онда ауданымыздың алдағы даму бағыты қаралып, жүзеге асырылатын жобалары талқыланды. Кеңесте аудан әкімі Жандос Еркінбектің ұсынған әр жобаның тиімділігі, ең бастысы халыққа қажеттілігі сарапталды.
Аймақ басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өткен жылдың қорытындысында байқалған оң динамиканы, бюджеттің игерілуіндегі жетістіктерді атап өтті.
– Қармақшы ауданының өсу динамикасы тұрақты. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 15,2 млрд теңге немесе 113,8 пайыз болған, жұмысты жүйелеуде бюджет қаражатына ғана арқа сүйемеген. Бюджетті 99,1 пайыз игерген. Ауданның өз кірісі 2022 жылы 1,8 млрд теңге болса, былтыр 2,2 млрд теңгеге өскен, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Аудан әкімі Жандос Еркінбектің айту- ынша, ауданның бюджеті биылғы жылға трансферттер мен кредиттерді қоса алғанда 14,6 млрд теңге болып бекітілген. Барлық кірістерінің 14,5 пайызын өз кірістері, 42,4 пайызын субвенция, 38,4 пайызын трансферттер, 4,7 пайызын несиелер құрайды.
Кеңесте ұсынылған жобаларға орай облыстық басқарма басшыларының пікірлері тыңдалды. Ауданда мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асатын жұмыстар, құрылыс, инфрақұрылым, жол құрылысы, кәсіпкерлік салаларының беталысы талқыланды.
Аудан әкімі биылға жоспарланған көрсеткіштердің сапалы әрі уақытылы орындалуына жауапты. Ең бастысы, тұрғындардың талап-тілектері, өтініш-пікірлері ескерусіз қалмауы тиіс. Ал облыстық басқарма басшылары «Ауыл – ел бесігі», басқа да ұлттық жобаларды іске асыруда, жолдарды жөндеу және салуда, инфрақұрылым желілерін әрі қарай дамытуда өздеріне жүктелген міндеттерді атқаруы керек.

БИЫЛ АУДАНДА 15 ЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНБАҚ
Аймақ басшысының төрағалығымен өткен Қармақшы ауданының даму жоспарын қарау жөніндегі кеңесте аудан әкімі Жандос Еркінбек биыл құны 3,6 млрд теңге болатын 15 жобаға қаржы бөлінгенін айтты. Ауданда электр желілерін жаңғырту үшін демеушілер есебінен жоба-сметалық құжаттар әзірленген болатын. Биыл Көмекбаев, Ақтөбе, Иіркөл елді мекендеріне 631 млн теңге қаржы қаралды. Жұмыс жақын арада басталады.
Жосалы кентіндегі жаңадан ашылған «Тәуелсіздік» ықшам ауданына газ желісі жеткізіледі. Облыстық бюджет есебінен «Самара-Шымкент-Ақжар-Көмекбаев» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 27 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары басталған-ды, былтырға жоспарланған 11 шақырымы аяқталды. Биыл қалған 16 шақырымын жөндеу жалғасады.
Сондай-ақ «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы 9 көше жөнделеді. Атап айтсақ, Ақжар ауылына бір көше салынады, Тұрмағамбет ауылының бір көшесі күрделі, 4 көшесі орташа жөнделеді. Жосалы кентінің бір көшесіне, Төретам кентінің екі көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Кентте «Руханият орталығы», «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасымен Қуаңдария және Қармақшы ауылдарында фельдшерлік-акушерлік бекет, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен 2 мектеп бой көтермек.
Байқоңыр қаласында 50 пәтерлік 5 тұрғын үй салынуда. 2021-2023 жылдары 2,8 млрд теңге қаржы игеріліп, биылға 727,9 млн теңге қаралған. 2022 жылы Ақай елді мекенінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды, бүгінде жұмыс аяқталуға жақын.
Өткен жылы Жаңажол, ІІІ Интернационал ауылдарында бастау алған спорт кешендерінің құрылысы, биылғы бірінші жартыжылдықта аяқталады деп жоспарлануда. Төретам кенті мен Ақай елді мекенін газдандырудың құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, бүгінде Ақай ауылы толығымен қосылды. Ал Төретам кентінде жұмыстар бітуге жақын.


41 ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҰСЫНЫЛДЫ
Ауданның даму жоспары қаралған кеңесте аудан әкімі Жандос Еркінбек бірқатар жаңа жобаны бастауға ұсыныс білдірді. Қазір жалпы құны 15,4 млрд теңге болатын 41 жоба дайын. Оның ішінде, 11 жобаны бірінші кезекте қаржыландыру сұралды. Олар – Дүр Оңғар елді мекенін газдандыру, Тұрмағамбет ауылынан жаңадан 250 орындық мектеп салу, Қуаңдария және Дүр Оңғар елді мекендерінің электр желілерін жаңғырту және қосалқы стансасын кеңейту. Сонымен қатар Жосалы кентіндегі Мырзағалиева көшесінен теміржол өткелін, Қуаңдария және Алдашбай ахун ауылдық округтерінен балабақша, Жосалы ауылдық округінен ауылдық клуб үйі мен спорт кешенінің біріккен ғимаратын, Төретам кенті мен Ақай ауылына айналма жол салу ұсынылды. Тұрғын үйге мұқтаж топтарға 92 үй сатып алу, Жосалы кентіндегі «Тәуелсіздік» ықшам ауданына су құбырын жеткізу де маңызды. Тірек және спутник елді мекендер қатарына енбеген Көмекбаев ауылдық округінің 2 көшесін, Алдашбай ахун ауылының 3 көшесін, Қармақшы ауылының 3 көшесін орташа жөндеу қажет етіледі. Аудан әкімі автомобиль жолына қатысты 15 жоба, көшелерді жарықтандыру бойынша құны 355,1 млн теңге болатын 11 жоба дайын екенін айтты.
Баяндама соңында Жандос Еркінбекұлы жаңадан жоба-сметалық құжат әзірлеуді қажет ететін бірқатар жобаны атап өтіп, жүзеге асыруды ұсынды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
04 ақпан 2024 ж. 188 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 221

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 150

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 327

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930