» » Алдағы жыл бюджетіне қатысты мәселелер талқыланды

Алдағы жыл бюджетіне қатысты мәселелер талқыланды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен келер жылдың бюджетін қалыптастыру мәселелері бойынша мәжіліс өтті.

Аймақ басшысы бюджет заңнамасына сәйкес биылғы 15 мамырға дейін бюджеттік бағдарлама әкімшілері салалық министрліктерімен жұмыс жасауы тиіс екенін айтты. Бағдарлама әкімшілері 2024 жылдың бюджетін қалыптастыру үшін бюджеттік өтінімдерді енгізу керек.

«Биылғы бюджет өткен жылмен салыстырғанда 360 млрд. теңгеден 593 млрд. теңгеге артты. Бұл - орталық мемлекеттік органдармен жасалған жұмыстардың нәтижесі. Алайда, әр сала бойынша алдын-ала талдау көрсеткендей, келесі жылғы бюджетті қалыптастырудағы жұмыстар толыққанды емес. Алдағы жылдың бюджетінде осы жылмен салыстырғанда өсу қарқынын қалыптастыру қажет», - деп ескертті Нұрлыбек Машбекұлы.

Жиында облыстық басқарма басшылары өз салалары бойынша жүргізілген жұмыстарды баяндап, алдағы уақытқа қойылған міндеттеріне тоқталды.

Жиын қорытындысымен облыс әкімі 2024 жылдың бюджетін осы жылдың бекітілген бюджетінен кемінде 10-20 пайызға арттыруды тапсырды. Уақыт тығыз болғандықтан, 2024 жылға бюджетті қалыптастыру жұмыстары осы жылдың 5 маусымына дейін аяқталуы керек. Аймақ басшысы аталған мәселе қатаң бақылауға алынатынын ескертті.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
05 мамыр 2023 ж. 385 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 376
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 149

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930