» » Әлеуметтік бағыты сақталады

Әлеуметтік бағыты сақталады

Бюджет қаржысының ауқымды бөлігі әлеуметтік салаға бағытталатыны белгілі. Бұл туралы облыстық қоғамдық кеңес отырысында облыс әкімі Н.Нәлібаев «Осы ретте ерекше атап өтуіміз қажет, 2023 жылға облыс бюджетін 520,7 млрд.теңге көлемінде бекітсек, нақтылау нәтижесімен оның көлемі 542,3 млрд.теңгеге жетті. Бұл 2022 жылғы бюджет көлемімен салыстырғанда 180 млрд.теңгеге артық. Әлеуметтік бағыт сақталып, оған бюджеттің 70 пайызы немесе 374,7 млрд.теңгесі жұмсалады» деп атап өтті.
Айта кетейік, ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Сыр еліндегі бастамаларды қолдауы арқасында облыс орталығының ажарын ашатын бірнеше зәулім ғимараттың іргетасы қаланып, жаңа әлеуметтік нысандар салынуда. Кейінгі кезде өңірде 18 жаңа нысанның құрылысы басталды.
Жиында аймақ басшысы Бейбарыс сұлтан көшесі бойынан салынып жатқан құрылыстар туралы айтты. «1,6 млрд. теңгені құрайтын Неке сарайын тамыз айында пайдалануға беру жоспарлануда. 3,7 млрд. теңге болатын 1000 орындық Өнер орталығы желтоқсан айында, ал, сол жағалауда құны 2,7 млрд. теңгені құрайтын Қан орталығы 2024 жылы беріледі» деді облыс әкімі.
Құрылыстың көптеп салынуы жұмыс орындарының ашылуына да, кәсіпкерліктің дамуына да серпін береді. Өткен жылы 31 315 жаңа жұмыс орны ашылып, 3 422 адамға 4,1 млрд.теңге көлемінде жаңа бизнес-идеяны іске асыруға арналған қайтарымсыз мемлекеттік грант тағайындалды.
Кеңес отырысында Н.Нәлібаев «Биыл 43898 адамды жұмысқа орналастыру және 1526 адамға жаңа бизнес-идеяны іске асыруға 2,1 млрд.теңге көлемінде грант беру жоспарлануда. Сонымен бірге, 257 кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірушілерге 2,5 пайызбен несие алу үшін мемлекеттен 1,3 млрд.теңге қаражат қаралды», – деді.
©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
02 наурыз 2023 ж. 458 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 063

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930