» Сыр елінде соңғы 9 айда 9 млрд.теңгеден асатын жаңа жобалар бастау алды

Сыр елінде соңғы 9 айда 9 млрд.теңгеден асатын жаңа жобалар бастау алды

Қызылорда қарқынды – құрылыс аймағына айналған өңір. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Сыр еліне қолдауы негізінде соңғы 8 айда заманауи нысандар салу ісін қарқын алып, жаңа жобалар жүзеге асқан. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев "Хабар 24" телеарнасындағы «Бетпе-бет» бағдарламасына берген сұқбатында айтты.

- Өңірдің дамуына ынта білдіріп, түрлі әлеуметтік нысан салуды мақсат қойған кәсіпкерлеріміз 9 млрд.теңгеден асатын жобаға демеушілік жасап, қолдау көрсетті.
Келер жылдың соңына қарай құны 3,7 млрд.теңгеге 1000 орындық Өнер орталығы ел игілігіне беріледі. Шаңырақ көтеруге ниеттенген жастар үшін құны 1,6 млрд. теңгені құрайтын заманауи үлгідегі Неке сарайының іргетасы қаланды,- деді Н.Нәлібаев.

Өңірде белгілі кәсіпкер, меценат Марат Дүйсенбаевтың демеушілігімен құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын «Аналар үйі» орталығының құрылысы жүруде. Келер жылдың мамыр айында ел игілігіне берілмек. Аймақтың Түркістан облысымен шекараласатын тұсынан демеуші есебінен құны 200 млн. теңгеге облыстың кіреберіс қақпасын бастап, жыл аяғында тарту етіледі.

- Аудандар мен шағын ауылдарда жаңа нысандар салу бастамасы сәтті жүруде. Республика күніне тарту ретінде жерлестеріміздің игілігіне бірнеше нысан табыстадық. 200 орындық Оқушылар үйі мен 50 орындық Өнер мектебі, "Балықшылар монументі" мен Аллея ашылды. Тағы бір ауданда заманауи демалыс паркі ел игілігіне берілді. Мұнан бөлек, "Еңбекшілер аллеясы" бой көтерді,-деді Н.Нәлібаев.

Әкімнің айтуынша, қаланың негізгі қақпасы әуежай да қайта жаңарады. Құны 12 млрд. теңгені құрайтын «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалын салуға Болат Өтемұратов қоры бастамашы болды. Қазіргі таңда жобалау жұмыстары аяқталды, келер жылдың ақпан айында құрылысы басталады.
Нұрлыбек Нәлібаев сұхбат барысында қоғамдық көлік мәселесін түбегейлі шешуге мүмкіндік бар екенін де жеткізді.

- Облыс орталығындағы негізгі мәселе – қоғамдық көлік жетіспеушілігін оңтайлы шешудеміз. Биыл Қызылорда автобус паркіне «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы жаңадан лизингке 150 дана автобус алуға 1 млрд.430 млн. теңге қаржы бөлінді. Соның аясында 100 жаңа автобус маршруттық бағытқа қосылды. Қалғаны келер жылдың басында жеткізіледі. Келер жылы тағы 150 автобус алуға қаржы бағыттадық. Осылайша 300 жаңа автобус бағытқа қосылады,-деді Н.Нәлібаев.

Сырбойылық спортсүйер қауым үшін 7 мың адамға арналған жабық стадион да салынады. Құны 5,5 млрд.теңгеге жететін нысан «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен іске асады. Қазір жобалау жұмыстары атқарылуда.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

---
21 желтоқсан 2022 ж. 273 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031