» » Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алды

Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алды

Kyzylorda-news.kz. Қазір – баспаналы болудың мүмкіндіктері кеңейген уақыт. Бірақ бағдарламалардың талаптарын еңсере алмайтындар қалай үйлі болмақ? Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуде біршама жұмыс атқарылды.
«Өңірде тұрғын үй құрылысын салу қарқынды жүруде. Қызылорда қаласында үйі апатты деп танылған жерлестерімізге 60 пәтерлі жаңа арендалық, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 50 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй тарту етілді. Былтыр мемлекеттік бюджет есебінен тұрғын үй құрылысына 9,1 млрд. теңге қаржы бөлініп, 32 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілген, оның 12-сі пайдалануға берілді. Ал, биыл 23 тұрғын үй, барлығы 982 отбасына пәтер кілттері табысталатын болады»,– деді облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қоғамдық кеңес отырысында.
Бұл ретте арнайы қабылданған «Сыр жастары» бағдарламасына ерекше тоқталуға болады. Облыс әкімі қоғамдық кеңесте «Алғаш рет 130-дан астам жас отбасыға жеңілдетілген ипотекалық несие беру үшін жергілікті бюджеттен 1,2 млрд.теңге, «Отбасы» банкі арқылы 500 млн.теңге барлығы 1,7 млрд.теңге қаражат бөлініп отыр. Бұл жас отбасылардың баспаналы болуына үлкен қолдау болады деп санаймыз», – деп атап өтті.
Жастардың жеңілдікпен үйлі болуына қамқорлық жасалуы оларды алаңсыз жұмыс істеуге, қалаған кәсібімен айналсуға ынталандырады.
01 наурыз 2023 ж. 637 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 373
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 148

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930