» » Мерекеде баспаналы болды

Мерекеде баспаналы болды


Мемлекеттік рәміздер күнінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова кезекте тұрған 180 отбасыға пәтер кілтін табыстады. Оның ішінде көпбалалы отбасылар мен осал топтағы жандар бар. Сырдарияның сол жағалауындағы 4 жаңа тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында берілді.

Облыс бойынша соңғы 3 жылда «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үйлердің құрылысына 45,4 млрд теңге бөлінген. Бұл жайында облыс әкімі пәтер кілтін салтанатты табыстау рәсімінде айтты.

– Бөлінген қаржы нәтижесінде 398 мың шаршы метрді құрайтын 141 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Демек, соңғы 3 жылда 5 мыңға жуық отбасы жаңа пәтерге ие болды. 20 мыңнан астам тұрғын баспанамен қамтамасыз етілді. Биылдың өзінде өңірімізде 1 186 пәтерді құрайтын 81 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бүгін міне, сол жағалауда жаңа тұрғын үйді пайдалануға береміз. Тәуелсіз еліміздің елдігін, мемлекетіміздің мәртебесін айқындайтын басты құндылығымыз – Мемлекеттік рәміздер күні мерекесінде сіздердің қуаныштарыңызды бөліскелі тұрмыз, – деген өңір басшысы оларды қонысымен құттықтады.

Гүлшара Наушақызы қоныс тойын тойлап жатқан Өтеповтер әулетінің шаңырағында болды. «Алтын алқа» иегері Алмагүл Өтепова аймақ басшысына тұрғындар атынан алғысын білдірді.

– Жаңа пәтеріміздің кілтін алып қуанышқа бөленудеміз. Мемлекет тарапынан көпбалалы отбасыларға көрсетіліп жатқан қолдауға алғыс айтқым келеді. Аймақ басшыларына ризашылығымды жеткіземін. Қуанышты күндеріміз көп болсын, –деді ол.

Одан соң Қызылорда қаласының құрметті азаматы, еңбек ардагері Жарылқасын Шәріпов жиылған жұртшылыққа батасын берді.

Айта кеткен жөн, соңғы 3 жылда пайдалануға берілген 141 көпқабатты тұрғын үйдің жаңа қаладағы үлесі 620 пәтерлік 13 көпқабатты арендалық баспана. Ал несие бағдарламасы бойынша 240 пәтері бар 4 көпқабатты тұрғын үй тапсырылған. Жеке құрылыс компанияларының есебінен 604 пәтерлі 14 көпқабатты тұрғын үй ел игілігіне пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 680 пәтерлік арендалық 14 көпқабатты үйдің және несие бағдарламасы бойынша 590 пәтері бар 13 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. Жеке инвесторлардың қаражатына 86 пәтерлік 2 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
06 маусым 2020 ж. 844 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 773

Сұхбат

Мәдениет

Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 823

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031