» » Облыс әкімі 180 отбасыға жаңа пәтердің кілтін тапсырды

Облыс әкімі 180 отбасыға жаңа пәтердің кілтін тапсырды


Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік рәміздер күнінде кезекте тұрған 180 отбасыға пәтер кілтін табыстады. Оның ішінде әлеуметтік осал топтағы және көпбалалы отбасылар бар. Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан 4 жаңа тұрғын үй «Нұрлы-Жер» бағдарламасы аясында берілді, деп жазады kaz.nur.kz

«Тәуелсіз еліміздің елдігін, мемлекетіміздің мәртебесін айқындайтын басты құндылықтарымыз Мемлекеттік рәміздер күні мерекесінде Сіздердің қуаныштарыңызды бөліскелі тұрмыз. Соңғы 3 жылда «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында облыс бойынша тұрғын үйлердің құрылысына 45,4 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде 398 мың шаршы метрді құрайтын 141 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.

Демек, соңғы 3 жылда 5 мыңға жуық отбасы жаңа пәтерге ие болды. 20 мыңнан астам тұрғын баспанамен қамтамасыз етілді. Биылдың өзінде өңірімізде 1 186 пәтерді құрайтын 81 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бүгін міне, сол жағалауда жаңа тұрғын үйді пайдалануға береміз. Қоныстарыңыз құтты болсын», - деді өңір басшысы Г.Әбдіқалықова. Облыс әкімі қоныс тойын тойлап жатқан Өтеповтер әулетінің шаңырағында болды. . «Алтын алқа» иегері Алмагүл Өтепова Гүлшара Әбдіқалықоваға тұрғындар атынан алғыс білдірді.

«Бүгін жаңа пәтеріміздің кілтін алып қуанышқа бөленудеміз. Мемлекет тарапынан көпбалалы отбасыларға көрсетіліп жатқан қолдауға алғыс айтқым келеді. Аймақ басшыларына ризашылығымды жеткіземін. Қуанышты күндеріміз көп болсын», - деді А. Өтепова.

Шара соңында Қызылорда қаласының құрметті азаматы, еңбек ардагері Жарылқасын Шәріпов жиылған жұртқа батасын берді. Соңғы 3 жылда пайдалануға берілген 141 көпқабатты тұрғын үйдің жаңа қаладағы үлесі 620 пәтерлік 13 көпқабатты арендалық баспана. Сондай-ақ, несие бағдарламасы бойынша 240 пәтері бар 4 көпқабатты тұрғын үй тапсырылған. Ал, жеке құрылыс компанияларының есебінен 604 пәтерлі 14 көпқабатты тұрғын үй ел игілігіне пайдалануға берілді. Фото: Қызылорда әкімдігі Жыл соңына дейін 680 пәтерлік арендалық 14 көпқабатты үйдің және несие бағдарламасы бойынша 590 пәтері бар 13 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр. Жеке инвесторлардың қаражатына 86 пәтерлік 2 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
04 маусым 2020 ж. 802 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031