» » Шалғай ауылдар газ игілігін көреді

Шалғай ауылдар газ игілігін көреді

Республика күні қарсаңында аудан әкімі Жандос Еркінбектің қатысуымен Дүр Оңғар ауылына газ тарту жұмыстарының басталу рәсімі өтті. Іс-шарада аудан басшысы елді мекен тұрғындарының көптен күткен қуаныштарымен құттықтап, тарихи жобаның сәтті жүзеге асуына тілектестігін білдірді.
– Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының ерекше қолдауының арқасында Дүр Оңғар ауылына дейінгі және ауылішілік газ желісінің құрылысының басталуына облыстық бюджеттен 1 млрд теңге қаржы бөлініп, жұмысы басталуда. Жобаның жалпы құны 7,1 млрд теңге қаржыны құрайды. Жоба барысында 86,936 шақырымға газ құбыры және 3 дана газ реттегіш кафты пункт (ГРПШ) салынатын болады. Дүр Оңғар ауылына газ жеткізілгеннен кейін осы аймақтағы қалған елді мекендерді табиғи газбен толықтай қамтуды жоспарлап отырмыз. Табиғи газ – тіршілікті жеңілдетіп қана қоймай, қоршаған ортаны қорғауға, орман қорын сақтауға зор мүмкіндік береді. Сондықтан бұл игілікті істің аудан тұрғындары үшін пайдасы зор, – деді аудан әкімі.
Одан кейін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, облыстық мәслихат депутаты, «Жаңажол» ЖШС төрағасы Орынбасар Төлепов сөз сөйлеп, ізгі лебіздерін жеткізсе, еңбек ардагері Қуаныш Жұмағұлов батасын берді.
Айта кету керек, бұған дейін 2021 жылы Жосалы кенті табиғи газға қосылған болатын. 2022 жылы бастау алған жалпы құны 2 млрд 186,9 млн теңге болатын Ақай ауылдық округі мен Төретам кентінде биыл газдандыру жұмыстары толық аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Осы газдандыру жұмыстарының нәтижесінде аудан тұрғындарының 70 пайызы «көгілдір отын» игілігін көріп отыр. Сонымен қатар, Жосалы кентінің «Тәуелсіздік» ықшам ауданына жоба құны 707,7 млн теңгені құрайтын газ құбыры мен орамішілік газ тарату желілерінің құрылысы жүргізілуде.
Сондай-ақ жыл басында Дүр Оңғар ауылында дәрігерлік амбулатория салынып, пайдалануға берілді. Осы жылы Қуаңдария және Қармақшы ауылдарында фельдшерлік- акушерлік бекеттің, Ақай, Дүр Оңғар және ІІІ Интернационал ауылдарында денешынықтыру кешендерінің, Жосалы кентіндегі «Руханият» орталығының және әлеуметтік осал топтағы, кезекте тұрған азаматтарға арналған тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Осындай нәтижелі жұмыстардың арқасында аудан халқының әлеуметтік жағдайы жақсарып, тұрмысы түзелуде.
«ҚТ» ақпарат
20 қазан 2024 ж. 225 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 209

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 149

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 319

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930