» » КӨМІР ӨНЕРКӘСІБІ МЕН ГЕНЕРАЦИЯСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

КӨМІР ӨНЕРКӘСІБІ МЕН ГЕНЕРАЦИЯСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Шыңғыс Сыдықовтың төрағалығымен кезекті мәжіліс өтті. Күн тәртібінде көмір өнеркәсібі мен генерациясын дамыту мәселесі қаралды.

Ауданымызда қыс мезгілінде жылу беру кезеңі төтенше жағдайсыз, тұрақты өтіп, қажеттілік толық қамтамасыз етілген. Осы бағытта алдағы жылу маусымына дайындықты ерте бастау керектігін айтып: «Көмір жеткізуші кәсіпкерлермен келісімшарттарды алдын-ала жасап, тамыз айынан бастап көмір тасымалдауды қолға алу қажет», – деді Шыңғыс Сыдықов.

Жалпы, 2021 жылы Жосалы кенті табиғи газға қосылса, 2023 жылы Төретам және Ақай елді мекендері көгілдір отынмен қамтылды. Сондай-ақ 2025 жылы Дүр Оңғар ауылдық округінде газдандыру жұмыстары толық аяқталып, тұрғындар табиғи газ игілігін көруде. Қазіргі таңда Төребай би және Иіркөл ауылдарында бұл жұмыстар жалғасып жатыр. Алдағы уақытта да халықтың тұрмыс сапасын жақсарту бағытындағы шаралар жүргізілетін болады.

Мәжілісте бюджет қаражатын игеру мәселесі қаралды. Осыған байланысты жоспарланған қаржы толық әрі уақытылы игерілуі қажет екенін қатаң ескертілді.

Жиын қорытындысы бойынша барлық сала басшылары мен әкімдерге бірқатар тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынатыны айтылды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

08 сәуір 2026 ж. 119 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 007
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 622

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031