» Облысқа 138 мың тонна көмір жеткізілген

Облысқа 138 мың тонна көмір жеткізілген



Облыс бойынша жылу беру маусымы белсенді жүруде. Қазірдің өзінде 1 067 әлеуметтік нысандар мен орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 888 көп қабатты тұрғын үй толығымен жылумен қамтамасыз етілуде. Жалпы облыс бойынша көмір қоймаларына 138 мың тонна көмір жеткізілген. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Ізбағамбетов мәлімдеді.

- 2024-2025 жылғы жылумен қамту нысандарын жаңғыртуға тиісті қаржы қаралды. Аталған қаржыға Қызылорда жылу электр орталығының «Bono еnergy» маркалы үш бу қазандығын жаңғырту, 2 газотурбиналық қондырғы, 11 қазандыққа күрделі жөндеу және 1 турбина мен 15 қазандыққа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 9,3 шақырым жылу желілері жаңғыртылды. Нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 3 пайызға төмендеді. Газдандыру бойынша айта кетсек, өткен жылы жоспарланған 11 елді мекеннің газдандыру жұмыстары толығымен аяқталып, табиғи газға қосылды. Осылайша 2024 жылдың қорытындысы бойынша облыстың газбен қамту деңгейін 78 пайызға, газдандырылған елді мекен саны 46-ға жеткізілді. 2025 жылдың басынан бері 4 елді мекен газ жүйесіне қосылды. Сонымен қатар, жыл соңына дейін 5 елді мекенді газдандырып, газбен қамту деңгейін 83 пайызға өсіру жоспарлануда, - деді Бауыржан Нұрланұлы.
---
24 қаңтар 2025 ж. 92 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 636
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 406

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031