» » Жылу беру маусымына дайындық жүйелі

Жылу беру маусымына дайындық жүйелі

Облыс көлемінде жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Жергілікті бюджет және кәсіпорын қаржысы есебінен 2 газотурбиналық қондырғының генераторы мен 11 қазандыққа күрделі, 1 турбина мен 15 қазандыққа ағымдағы жөндеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта жұмыстың 98 пайызы орындалды.
Жылу желілерін жаңғыртуға бағытталған 6 жобаны іске асыруға бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, 9,5 шақырым жылу желісінің 8,6 шақырымына жөндеу жүргізілді. Облыстағы 1 067 әлеуметтік нысан қысқа 100 пайыз дайын.
“Қызылорда жылу электр орталығының биылғы 2024-2025 жылғы маусымға дайындығы доспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Дайындықты көктем айларынан бастап кеттік. Іс-шара жоспарының 98 пайызы орындалды. Оның ішінде атап өтетін болсақ негізгі қондырғылардан алтыншы бу қазандық, тоғызыншы бу қазандық олар ағымдағы жөндеуден өтті. Ескі станцияның ішіндегі бу қазандығына да ағымдағы жөндеу жүргізілді. Бүгінгі күні іштегі системалардың барлығы суға толтырылып соңғы сынақтардан өткізіп жатыр”, - деді Қызылорда ЖЭО бас инженері Наурыз Сатханов.
24 қыркүйек 2024 ж. 378 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930