» » Жылыту маусымына дайынбыз ба?

Жылыту маусымына дайынбыз ба?

Жаз бітіп, күз келгеннен-ақ келер қыстың шамасын байқап жатамыз. Мұндай да «Қыс қатты болады екен» дегенді де жиі естиміз. Кейде қыркүйектің бірде жылы, бірде салқын құбылмалы ауа райы да қыр астында тұрған қыстың мінезін ептеп сездіретіндей. Осындайда «Қыс шанаңды жаз сайла» дегендей, күн жылыда жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жүйелеп алған жөн.

Бұл тұрғыда облыс бойынша жылу беру маусымына дайындық бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілуде. Биыл жылумен қамту нысандары мен оның ішінде жылу-энергия көздерін жаңғыртуға қаржы бөлінген. Жылу жүйелерін жаңғыртуға бағытталған 6 жобаны іске асыруға қаржы қаралып, 9,5 шақырым жылу желісінің 7,2 шақырымы жүргізілген. Облыстағы 1067 әлеуметтік нысанның дайындығы 100 пайыз.

– Жылу беру маусымына нысандардың барлығы 1 қазанда дайын болу керек. Бұл жылуға әзірлік Мемлекет басшысы мен Үкіметтің тікелей бақылауында. Жылу көздері мен желілерін жаңғыртуға республикалық және жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Сондай-ақ облыс тұрғындарын көмірмен қамтамасыз етуде түйіткілді мәселелер туындамауы керек, – деді облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.

Қыс мезгілінде аймаққа 192,8 мың тонна көмір керек болса, оның 164,5 мың тоннасы тұрғындардың, 28,3 мың тоннасы әлеуметтік нысандардың қажеттілігіне тиесілі. Бүгінде облысқа көмір жеткізу жұмыстары қарқын алуда.
Ал ауданымызға барлығы 12500 тонна қатты отын қажет етіледі. Әлеуметтік нысандарға 1000 тонна, тұрғындарға 11500 тонна көмір керек. Ауданда бес кәсіпкер көмір тасымалдаушы ретінде тіркелген. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметі бойынша бүгінгі күнге дейін ауданға теміржол арқылы 53 вагон, яғни 3657 тонна көмір тасымалданған. Жақын арада кенттегі ЖК «Қалиев» көмір қоймасына 3 вагон қатты отын жеткізілмек. Көмірлер маркаларына қарай тиісті бағада сатылса, соның ішінде «Шұбаркөл» маркалы қатты отынының тоннасы 21-22 мың теңге аралығында сатылуда.

Кенттегі тұрғын үйлерді табиғи газге қосу бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Жосалы кентінде жалпы үй саны – 4409 болса, бүгінде 3681 үй көгілдір отынға қосылған. Ал техникалық шарт алуға өтінім бергендер саны – 141. Жалпы ауданда жылу беру маусымы дайындық жоспарлы түрде жүргізілуде.
Ерсін ӘЛІБАЙ
22 қыркүйек 2024 ж. 176 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031